09 Сәуір, 2014

Атырауға жалған құжатпен шетелдік автокөлік әкелінді

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

09-04-AtirayАтырау облысы бойынша кедендік бақылау департаменті контрабандаға қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен жедел – іздестіру шарасын жүргізу кезінде белгісіз тұлғамен Кедендік одақ аумағына  2011 жылы шыққан «MAZDA-6» маркалы автокөлігі әкелінгендігі анықталды. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған автокөлікті Беларусь Республикасынан Қазақстан аумағына әкеліп, Атырау қаласының  тұрғынына  сатқан. Кейін ол  Атырау облыстық   салық департаментіне Кедендік одаққа мүше елден әкелінген тауар ретінде 12 пайыз көлемінде қосымша құн салығын төлеген.

Жедел тексеру кезінде облыстық ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция басқармасынан аталған автокөлікті тіркеуге қоюға негіз болған құжаттар алынды. Құжат бойынша «MAZDA-6» маркалы автокөлігі Беларусь Республикасының Гродно қаласында сатылып, сату сатып-алу есеп–анықтамасы бірыңғай сауда кәсіпорны «Дорога» дүкенінде ресімделген. Автокөлік иесі Беларусь Республикасының Гродно қаласының тұрғыны деп көрсетілген. Алайда, Беларусь Республикасының Гродно кеденінің берген ақпаратына сәйкес, көлік иесі көрсетілген мекенжайда тіркелмеген. Сонымен қатар, бірыңғай сауда кәсіпорны «Дорога» көрсетілген  автокөлігін сатып алу – сату рәсімі жүргізілмеген және сатып-алу есеп – анықтамасында көрсетілген мәліметтер шындыққа жанаспайтындығы мәлім болды.

Сот-көлік тауарлық сараптама қорытындысына сәйкес, 2011 жылы шығарылған «MAZDA-6» автокөлігінің нарықтағы орташа кұны 4 млн. 106 мың  теңгені құрайды. Аталған факт бойынша департаменттің контрабандаға қарсы күрес басқармасымен  Қылмыстық кодекстің 209-бабының 1-бөлімінде (Экономикалық контрабанда) көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жолдасбек Шөпеғұл.

Атырау облысы.

Дереккөз: Облыстық кедендік бақылау департаменті.

Фото: www. Drive 2.ru.

Соңғы жаңалықтар