09 Сәуір, 2014

Парламентте қылмыстық кодекс жобасы мақұлданды

527 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
09-04-ParlamentБүгін, 9 сәуір күні  Парламент Мәжілісінде кезекті жалпы отырыс болды. Оны Мәжілістің жаңа Төрағасы Қабиболла Жақыпов ашып, жүргізіп отырды. Бұл туралы Egemen.kz тілшісі хабарлады. Күн тәртібі бойынша сегіз мәселе қаралды. Соның ең біріншісі Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалған Н.Нығматулиннің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға арналды. Депутаттар бірауыздан оның депутаттығын тоқтату туралы қаулыны қолдады. Одан кейін Мәжіліс қоржынына түскен бірнеше заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мәселелері қарастырылды. Барлық ұсынылған заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеуге келісім берілді. Соның ішінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», кейбір заңнамалық актілерге экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және тағы басқа заң жобалары бар. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жобасы мен кейбір заңнамалық актілерге қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобалары екінші оқылымда мақұлданды. Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып болған соң депутаттардың орталық атқару органдарына бағытталған депутаттық сауалдары жарияланды. Жақсыбай Самрат. Дереккөз: Egemen.kz. Фото: Total.kz.