09 Сәуір, 2014

Футбол: Бесінші турдың ойындары ойналды

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

00-futbaal-09-04-14-1

Бүгін, 9 сәуір күні футболдан Қазақстан премьер-лигасы 5-турының ойындары ойналды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Таразда жергілікті команда бұған дейінгі сәтсіз ойындарының қарымын қайтарып, Семейдің «Спартагын» 2:0 етіп сүріндірді. Голдарды алаң иелері сапынан  Сергей Скорых (60) пен Алексей Щёткин (71) соқты. Дәл осындай есеп Қарағандыда да тіркелді. Кеншілер қаласының командасы «Атырауды» ұтты. Ал голдарды Ұлан Қонысбаев (56) пен Андрей Порываев (89) өз есептеріне жазды. Мұндай есеп Павлодарда «Ертіс» пен «Ордабасы» (Шымкент) арасындағы кездесу соңында да таблода жанып тұрды. Онда да алаң иелерінің десі басым болды. Бұл олардың сапындағы Игор Бурзановичтің  13 және 16-минуттар қарсыластар қақпасына екі гол соғуы арқылы орындалды. Қостанайда «Тобыл» мен Қызылорданың «Қайсары» арасындағы матч күштіні анықтай алмады. Мұнда қонақтар бірінші болып есеп ашты. Оны 28 минутта Сергей Струков жасады. Тобылдықтар оның есесін 50-минутта ғана қайтарды (Томас Шимкович). Тағы бір тең ойын Алматыда «Қайрат» пен «Астана» арасындағы ойында тіркелді. Онда қарсыластар бір-бірлерінің қақпалары құлпын аша алмады. Мұның есесіне, «Ақтөбе» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісуын» тізе бүктірді. Голды 74-минутта Маркос Пизелли түсірді. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: egemen.kz. Фото: spotrs.kz..