Білім • 20 Сәуір, 2022

Мектептерде Жеңіс күніне арналған жиын өткізілмейді

2426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл білім беру ошақтарында 7 және 9 мамырдағы мерекелерге орай жиын өткізілмейтін болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мектептерде Жеңіс күніне арналған жиын өткізілмейді

«Мектептерде 7 және 9 мамырда аталып өтетін мерекелер қарсаңында патриоттық тәрбие беру, соғыс ардагерлерінің жеңіске қосқан үлесі, Отанға деген сүйіспеншілік, ізгілік, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы тақырыптарында сынып сағаттары өткізіледі. Мектептерде 9 мамырға арналған жиын өткізу жоспарланып отырған жоқ», делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрлікте әскери киім мен атрибуттарды қолданып, театрландырылған көрініс және басқа да шаралар ұйымдастырудың қажеті жоқ екені айтылды.

«Білім беру ұйымдарына осы мәселе бойынша ұсыныстар жіберілді», деп қосты баспасөз қызметі.