10 Сәуір, 2014

Елшілермен кездесті

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының елшісі Горбан Сейфи мен Пәкістан Ислам Республикасының елшісі Шаукат Али Мукадамды олардың өтініштері бойынша қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Қ.Тоқаев өз миссиясын аяқ­таған Иран ел­шісіне табысты жұ­мыстары үшін ри­за­шылық біл­діріп, алғыс хат табыс етті. Әң­гіме барысында жоғары сая­си дең­гейдегі Қазақстан-Иран бай­ла­ныстарының қар­қынды дамы­ғаны және парламентаралық үн­қа­тысулар нығая түскені атап өтілді. Пәкістан елшісімен кездесуде Сенат Төрағасы Қазақстан мен Пәкістан парламентшілері арасындағы байланыстарды одан әрі дамыту, сондай-ақ, БҰҰ, АӨСШК, ШЫҰ, ИЫҰ және ЭЫҰ секілді жаһандық және аймақтық ұйымдар аясында екі елдің өзара жемісті іс-қимылын жалғастыру жайында айтты. Қ.Тоқаев Пәкістанның жаңа елшісінің сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету ние­тіне қолдау білдіріп, Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Пәкістанды белсенді түрде қатысуға шақырды. Өз кезегінде Ш.Мукадам Пре­зидент Нұрсұлтан На­зарбаев­тың «Қазақстан-2050» Страте­гиясы екі елдің өзара тиімді ынты­мақтастығы үшін зор мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.