10 Сәуір, 2014

Таңдауымыз – тағаттылық

353 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
01-нұр отанҚазақстан халқы Ассам­блея­­сының кезекті сессиясына дай­ын­дық жұмыстарының аясында Кеше Дін істері агенттігінде «Нұр Отан» партиясының «Қа­зақ­стан. 2017 жылғы мақсаттар. Ұлттық жоспар» сайлауалды тұ­ғыр­намасының «Халық бір­лігі» бағыты бойынша Қазақ­стан Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттарымен және ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесуге Дін істері агент­тігінің төрағасы М. Әзілханов пен басқа да агенттік қызметкерлері; «Нұр Отан» партиясының идеология мәселелері жөніндегі хатшысы К.И.Ақсақалов; Пар­ла­мент Мәжілісінің депутат­тары С.Т.Сейдуманов, О.А.Асанғазы, Б.Ертаев, Н.Н.Ло­гутов, Е.Я.Кап­пель және Ю.Е.Ти­мо­шенко; Са­рапшылар тобының хатшы­сы, «Нұр Отан» партиясы Орта­лық аппараты Саяси жұмыс де­пар­таментінің үйлестірушісі М.А.Бухарина; «Нұр Отан» пар­тиясы «Жас Отан» жастар қана­тының атқарушы хатшысы Н.Е.Сыдықов және Қазақстан хал­қы Ассамблеясы Ғылыми-сарап­тама кеңесінің хатшысы Н.П.Ка­лашникова мен Қазақстан Аза­­маттық альянсының пре­зи­денті Н.К.Ерімбетов қатысты. Кездесу 2014 жылғы 17 қаң­тардағы Елбасы Жолдауын жү­зеге асыру мен «Нұр Отан» пар­тия­сының «Қазақстан. 2017 жылғы мақсаттар. Ұлттық жоспар» сайлауалды тұғырнамасының аясында  «Пәрменді діни саясат: ді­ни тағаттылық және рухани отар­лауға қарсы иммунитет» тақырыбында өтті. Кездесу барысында еліміз­дің зайырлы мемлекеттік құ­ры­лымы аясындағы мемлекет пен дін арасындағы байланыс, дес­труктивті діни ағымдардың жастар санасына кері әсері, шетелдік діни оқу орындарында өздігінше білім алған Қазақстан азаматтарымен қатынас, ай­мақ­тық Антитеррористік комис­сиялардың экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізу жұмыстары, «Е-ислам» ақпараттық-ағартушылық интернет порталының қызметі туралы мәселелер талқыланды. Дін істері агенттігінің төрағасы М. Әзілханов Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік сая­са­тының Елбасы Н.Ә.Назар­баев­тың «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы – қалыптасқан мем­лекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының негізінде жа­сал­ғандығын тілге тиек ете келіп, барлық мемлекеттік органдардың жүйелі әрекет етуінің арқасында еліміздегі діни ахуалдың тұрақты да мемлекет бақылауында дамып отырғандығын атап өтті. Төрағаның айтуына қа­ра­ғанда, агенттік тарапы­нан кон­фессияаралық ынтыма­қтас­тықты күшейту, ел азаматтарының діни сауаттылығын арттыру мен жалған діни ағымдар ықпа­лынан қорғау, радикалды діни идеологияның таралуына қарсы тұру бойынша халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарымен кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары атқарылып келеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Діни әрекет және діни ұйымдар туралы» Заңы талаптарының барлық діни қарым-қатынас субъектілері тарапынан орындалуын қамтамасыз ету мен Діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру бойынша 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру Дін істері агенттігі қызметінің басым бағыттары болып табылады, деп қорытты сөзін М.Әзілханов. Кездесу соңында «Нұр Отан» партиясы фракциясының де­путаттары Дін істері агент­ті­гі­не конфессияаралық ын­ты­мақ­тастықтың қазақстандық үлгісін одан әрі дамыту, Қазақстан Пре­зиденті Н.Ә.Назарбаевтың Әлем­дік және дәстүрлі діндер көш­басшыларының съездерін өткізу идеясын жүзеге асыру, елдегі діни ахуалды сапалы талдау мен тұрақты мониторингтеу жұ­мыс­тарын жетілдіру, «Діни қызмет және діни ұйымдар туралы» Заң талаптарын орындау, Қазақстан қоғамындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Сәулебек БІРЖАН.