Экология • 24 Сәуір, 2022

Елордада рұқсат етілмеген полигондар жойылып жатыр

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою бойынша күшейтілген жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада рұқсат етілмеген полигондар жойылып жатыр

Елорда әкімдігінің Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының мәліметінше, тәртіп бұзушылар қыста қардың астына жасырып құрылыс қоқыстарын шығарады. Сонымен қатар, тағы 12 учаске жойылып, 2 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. 2021 жылы 330-дан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі жойылып, 60 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды, ал 2020 жылы 220-дан астам учаске жойылған болатын.

Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері пайда болмас үшін өткен жылдың маусым айынан бастап экологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл мөлшері 5 есе өсті: жеке тұлғалар үшін 10 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін 20 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 30 АЕК-тен 100%-ға дейін, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 200%-ға дйін.

2022 жылдың басынан бері 659 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 млн 400 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Аудандық әкімдіктер, Экология департаменті, Табиғатты қорғау полициясы, «Ikomek 109» қызметі «Сергек» қалалық бейнебақылау камералары арқылы санкцияланбаған қоқыс үйінділерінің пайда болуына жол бермеу, тәртіп бұзғандарды жауапкершілікке тарту үшін күшейтілген жұмыс жүргізіп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025