10 Сәуір, 2014

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы №926

229 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2013  жылғы 21  қараша  Астана  қаласы Шет  мемлекеттердің  мемлекеттік  және  эксперименттік  әуе  кемелерінің  халықаралық  ұшуларына,  сондай-ақ    әуе  кемелерінің  халықаралық  ұшулармен шет  мемлекеттердің  әскери  құрылымдарын,  қарулары мен  әскери  техникаларын тасымалдауға  ашық  әуежайларды  анықтау  туралы «Қазақстан  Республикасының  әуе  кеңістігін  пайдалану  және  авиация  қызметі  туралы»  2011  жылғы  15  шілдедегі  Қазақстан  Республикасы  Заңының  70-бабының  3-тармағына  сәйкес  бұйырамын: 1. Шет  мемлекеттердің  мемлекеттік  және  эксперименттік  әуе  кемелерінің  халықаралық  ұшуларына,  сондай-ақ  әуе  кемелерінің  халықаралық  ұшуларымен  әскери  құрылымдарын,  қарулары  мен  әскери  техникаларын  тасымалдауға  ашық  әуежайлар  анықталсын. 2. Қазақстан  Республикасы    Көлік  және  коммуникация  министрлігінің  Азаматтық  авиация  комитеті  (Б.К.Сейдахметов): 1)  осы  бұйрықты  заңнамада  белгіленген  тәртіппен  Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігінде  мемлекеттік  тіркеуді; 2)  оны  Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігінде  мемлекеттік  тіркеуден  соң,  бұқаралық  ақпарат  құралдарында,  соның  ішінде    Қазақстан  Республикасы  Көлік  және  коммуникация  министрлігінің  интернет-ресурсында  ресми  жариялануын  және  мемлекеттік  органдардың  интранет-порталында  орналастырылуын  қамтамасыз  етсін; 3)  осы  бұйрық  Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігінде  тірке­ген­нен  кейін  күнтізбелік  он  күн  ішінде  ресми  жариялауға  көшірмесін  «Қа­зақстан  Республикасы  Әділет  министрлігінің  Республикалық  құқықтық  ақпарат  орталығы»  шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  республикалық  мем­ле­кеттік  кәсіпорнының  «Әділет»  ақпарттық-құқықтық  жүйесіне  жолдауды; 4) Қазақстан  Республикасы  Көлік  және  коммуникация  министрлігінің  Заң  департаментіне  осы  бұйрықтың    Қазақстан  Республикасы    Әділет  министрлігінде  мемлекеттік  тіркелуінен  кейін  5  жұмыс  күні  ішінде  мемле­кеттік  тіркеу  туралы  және  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жариялауға  жіберу  туралы  мәліметтерді  ұсынсын. 3.  Осы  бұйрықтың  орындалуын  бақылау  Қазақстан  Республикасының  Көлік  және  коммуникация  вице-министрі  А.Ғ.Бектұровқа  жүктелсін. 4.  Осы  бұйрық  алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейін  күнтізбелік  он  күн  өткен  соң  күшіне  енеді. Қазақстан Республикасы көлік Және коммуникация Министрінің міндетін атқарушы  С. САРСЕНОВ.  

Қазақстан  Республикасы Көлік  және  коммуникация  министрінің  міндетін  атқарушысының  

2013  жылғы  21 қарашадағы №926  бұйрығымен бекітілген

Шет  мемлекеттерінің  мемлекеттік  және  эксперименттік  әуе  кемелерінің  халықаралық  ұшуларына,    сондай-ақ  әуе  кемелерінің  халықаралық  ұшулармен  шетел  мемлекеттердің  әскери  құрылымдарын,  қарулары  мен  әскери  техникаларын  тасымалдауға  ашық  әуежайлары

рр/с

Әуежайлардың

атауы

Орналасқан

жері

1

«Халықаралық  Ақтөбе  әуежайы»

акционерлік  қоғамы

Ақтөбе  қ.

2

«Халықаралық  Атырау  әуежайы»  акционерлік  қоғамы

Атырау  қ.

3

«Халықаралық  Ақтау  әуежайы»  акционерлік  қоғамы

Ақтау  қ.

4

«Сары-Арқа  әуежайы»  АҚ

акционерлік  қоғамы

Қарағанды  қ.

5

«Шымкент  әуежайы»  АҚ

акционерлік  қоғамы

Шымкент  қ.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 28 желтоқсанда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тізілімінде № 9039 болып енгізілді.