Алматыда ақылы автотұрақтар қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі мәліметінше, монополиясыздандыру және ықтимал шығынды өтеу мақсатында Алматы әкімдігіне компания иелерінен «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС-нің 70 пайыз мөлшеріндегі үлесін және «Alan Parking» ЖШС-нің 100 пайыз үлесін қала меншігіне қайтару туралы ұсыныс түскен.
«Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС бірыңғай оператор ретінде қаланың 5 ауданында (Алмалы, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб) орналасқан тротуар тұрақтарына қызмет көрсетуге маманданған. Әкімдікке осы ЖШС-нің 30 пайызы тиесілі.
«AlanParking» ЖШС 3 ауданда (Алатау, Бостандық, Жетісу) орналасқан алаңдағы автотұрақтарға қызмет көрсету жөніндегі бірыңғай оператор саналады. ЖШС толығымен жеке меншікте болды», делінген хабарламада.
Алматы әкімдігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы компаниялардағы үлестерді қайтару туралы тиісті қаулы қабылдаған.
«Бүгінде ақылы тұрақ жүйесі штаттық режимде жұмыс істейді. Қаулыға сәйкес, ақылы тұрақтар қызметінен түскен барлық кіріс биыл 25 сәуірден бастап қала бюджетіне бағытталады.
Қазіргі уақытта Алматы әкімдігі қаланың тұрақ аймағын ұйымдастыру жөнінде бірыңғай оператор құру бойынша жұмысты бастады. Қолданыстағы заңнамада белгіленген рұқсат беру құжаттарын алу мерзімдерін, сондай-ақ монополияға қарсы органдармен келісу қажет екенін ескере отырып, бірыңғай оператор 2022 жылғы 1 тамызға дейін құрылады», делінген хабарламада.
Сондай-ақ Алматы тұрғындарының шағымдары негізінде сервис сапасын арттыру мақсатында ақылы тұрақтар жұмысын жетілдіру үшін кешенді шаралар қабылданатыны айтылды.
«Алдағы уақытта халықаралық тәжірибені қолдана отырып, қалалық тұрақ кеңістігін дамыту және көшелер мен аулаларды абаттандыру үшін ақылы тұрақтардан түсетін түсімдерді пайдалану тұжырымдамасын әзірлеу жоспарланып жатыр. Сондай-ақ жинақталған проблемаларды шешу үшін қалада көп деңгейлі тұрақтар салуға басымдық беріледі», деді әкімдік өкілдері.
Қазіргі уақытта компания басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалған және бюджет қаражатын жымқыруға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді
Тағайындау • Бүгін, 15:08
Алматыда есірткі тасымалының жолы кесілді
Аймақтар • Бүгін, 14:55
«Каспий» ӘКК тиімсіз жобаларды қаржыландырған
ANTIKOR • Бүгін, 14:43
Ертең магистратура грантына құжат қабылдау басталады
Білім • Бүгін, 14:30
Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 14:22
Хаменова өз кінәсін мойындаған жоқ
Қоғам • Бүгін, 14:16
ШҚО-да Тарбағатай ауданына жаңа әкім тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 14:10
Қазақстанда жылқы еті қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 14:02
Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы басталды
Қоғам • Бүгін, 13:42
Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:29
«Тобыл» мен «Қызыл-Жар» маңызды матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 13:12
Шекара қызметі 8 мыңнан астам суық қару тәркіледі
Қоғам • Бүгін, 12:52
Солтүстік Корея коронавирусты жеңгенін жариялады
Әлем • Бүгін, 12:43
Магистратура емтиханында 328 адамның нәтижесі жойылды
Білім • Бүгін, 12:35
Ата-аналар жекеменшік балабақшаларға шағымданып жатыр
Қоғам • Бүгін, 12:22
Алматыда оқушыларға арналған автобус қатынайды
Қоғам • Бүгін, 12:17
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына сыйақы беріледі
Білім • Бүгін, 12:08
Алматыда 190 көпқабатты үйдің лифтісі жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 11:53
Павлодарда жоғалған ана мен бала табылды
Аймақтар • Бүгін, 11:40
ІІМ қазақстандықтарды сақтық шараларын сақтауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 11:33
Үкімет басшысы отандық өндірісті қолдауды тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:27
Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің екінші айналымында сүрінді
Теннис • Бүгін, 11:17
Жамбылдық тұрғыннан ірі көлемде марихуана тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:09
Алматыда 280 орындық екі мемлекеттік балабақша салынады
Қоғам • Бүгін, 10:58
Тауар өндірушілерге тиесілі дизельді сатып жіберген оператор анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:48
Михаил Саакашвили ауыр хәлде жатыр
Әлем • Бүгін, 10:35
Алматыда көпқабатты автотұрақтар салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Михаил Литвин Түркияда алтын медаль еншіледі
Жеңіл атлетика • Бүгін, 10:18
Қостанайда қантты 100% үстеме бағамен сатқандар әшкереленді
ANTIKOR • Бүгін, 10:10
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездеседі
Президент • Бүгін, 10:03
«Реал Мадрид» UEFA Суперкубогының иегері атанды
Футбол • Бүгін, 09:55
11 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:40
Бес жасар Мәдинаның мәйіті табылған жерден видео жарияланды
Қоғам • Бүгін, 09:38
Джо Байден қысқамерзімді еңбек демалысына шықты
Әлем • Бүгін, 09:33
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасын жеңді
Теннис • Бүгін, 09:18
2458 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Елімізде 1651 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Бокс • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Ұқсас жаңалықтар