Ақмола облысының ең ірі ет комбинаты Кедендік одақ аясында жартылай дайын өнімінің бірінші партиясын Ресей нарығына шығарды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Қазіргі таңда ет комбинатының өндірістік қуаты 60 пайыз құрайды. Алдағы жылы бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарлануда. Мекеме басшылығы кәсіпорынның Еуразиялық экономикалық қауымдастық елдері арасында да бәсекеге қабілетті екенін айтып отыр. Ақмола облысы Целиноград ауданында орналасқан ет комбинаты өз жұмысын 2010 жылы бастаған. Күн сайын кәсіпорын 5-тен 7 тоннаға дейін дайын өнім шығарады. Мұнда ет, шұжықпен қатар жартылай әзірленген өнімдер де сұрыпталған. Олар барлық халықаралық стандарттарға сай жасалады. Германиядан әкелінген жаңа технологиялар кәсіпорынға жоғары сапалы өнімдер шығаруға мүмкіндік береді.«Біз малды сатып алынғаннан кейін оны міндетті түрде дәрігер қарауынан өткіземіз. Соғым сою халал стандарты бойынша жүзеге асырылады. Біз «экологиялық таза өнім» дәрежесіне ие болдық», – дейді ет комбинаты директорының өндіріс бойынша орынбасары Түсіпбек Бокин.
Кәсіпорын 100-ден астам ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Олар сиыр, қой мен тауық етін бөліп, тазалап, сұрыптайды. Қызметіне кірісуден бұрын жұмысшылардың барлығы арнайы техника арқылы дезинфекциялаудан өтеді. Қазіргі таңда аталмыш кәсіпорын Астана, Алматы, Қарағанды мен Ақтау қалаларын өз өнімдерімен қамтамасыз етуде. Мекеме басшылығы келесі жылдан бастап өнімдерін өзге де аймақтарға жеткізуді мақсат тұтып отыр.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: 24.kz.
Фото: Strategy2050.kz.
• 10 Сәуір, 2014
Ақмола облысының ет комбинаты өнімдерін Ресей нарығына шығарды

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше