Түркістан облысында жаңа піскен көкөністер басқа өңірлерге қарағанда 1,5-2 ай ерте жиналады. Биыл ерте пісетін 200 мың тонна қырыққабат облыс қажеттілігін 12 есеге артық қамтамасыз етеді. Жалпы Түркістан облысы республика халқын әлеуметтік маңызы бар ерте пісетін мезгілдік картоп, пияз, сәбізбен қамтамасыз етуге қауқарлы. Енді осы өнімдерді сату және тасымалдау жеңілдейтін болды.

Олай дейтініміз «Егістен сөреге дейін» жобасы аясында Сайрам ауданында «Dala-fruit.kz» ЖШС бау алқабында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарығын кеңейту жөніндегі республикалық семинар-кеңес барысында Түркістан облысы әкімдігі мен облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдіктері арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы арқылы шаруалардың өнімді сатудағы жұмысы жеңілдемек. Сонымен бірге бағаны тұрақтандыруға да оң әсерін тигізеді деген болжам бар. Семинар-кеңеске Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Ерлан Баттақов, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдіктерінің салалық орынбасарлары, қаржы мекемелері, ірі сауда желілерінің басшылары, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен кәсіпкерлер қатысты. Жиында ауыл шаруашылығы субьектілерін, бизнес өкілдерін қолдай отырып, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жаңа тәсілдер мен технологияларды енгізу жолдары талқыланды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспары бойынша «Егістен сөреге дейін» пилоттық жобасы елімізде кеңінен жүзеге асырылуда. Бұл ретте семинар-кеңеске қатысушылар Түркістан облысы диқандары мен аграрларының жетістіктері мен тәжірибелерін жоғары бағалады. Сонымен бірге диқандардың өнімін тікелей нарыққа ұсынатын «экобазардың» салаға оң серпін беретіні айтылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыруға бағытталған экобазар өндірушілердің өнімдерін делдалсыз тікелей сату жүйесін қалыптастырады. Автовокзал жанында, халықаралық әуежайға барар жолда орналасқан сауда кешенінде Түркістан өңірінің барлық өнімі ұсынылады.
Семинар-кеңесте Ө.Шөкев қатысушыларды өңірде қолға алынған жұмыстармен таныстырды. Өңірде ауыл шаруашылығын дамытуда жаңа технологияларға басымдық берілуде. Су үнемдеу, тамшылатып суару, үйіргелік жерге көкөніс егу, агроқұрылымдарды ірілендіру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс күші де жеткілікті. «Облыста 2019 жылдан бері бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу тәжірибесі кеңінен енгізілуде. Жоба арқылы шаруалардың табысы 2-3 есе ұлғайды. Биыл «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы шеңберінде 133 ауылдық округтегі 8,4 мың гектар жерде 3 мың жоба жүзеге асырылуда. Еліміздің өзге өңірлеріне көкөніс жеткізуге мүмкіндік мол», деді Ө.Шөкеев.
АШТӨ-нің айналым қаражаттарын толықтыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне көктемгі дала жұмыстарына берілетін жеңілдетілген несие көлемін ұлғайту жөнінде облыс әкімдігі тарапынан бірнеше ұсыныс енгізілді. Өзге өңірден келген кәсіпкерлер мен диқандар да министр мен вице-министрге өткір сұрақтар қойып, мәселелерін ортаға салды. Мысалы, шаруалар елімізде газ бен электр және көмір тарифінің қымбат екенін, республикалық деңгейде көмек керек екенін жеткізді. Сонымен бірге шетелдік бақша өнімдеріне жағдайға қарай шектеу қойып, отандық өндірушілерге жан-жақты қолдау көрсетуді ұсынды. Бұл орайда Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев көтерілген мәселелер назарға алынып, шаруаларға қолдау көрсету бағытында жұмыс күшейетінін жеткізді. Нарықты отандық азық-түлікпен қамту ісіне басымдық берілетінін айтып өтті. Егіс науқанын табысты өткізу үшін фермерлер барлық қажетті ресурспен – тұқым, минералды тыңайтқыштар, жағармай, техникамен және қаржы құралдарымен қамтамасыз етілген. Бұл бағыттағы қаржы көлемі 140 млрд теңгеге жеткен. Сондай-ақ министр егіс науқанын уақтылы және сапалы өткізу – Президент қойған басым міндеттердің бірі екенін атап өтті. Осы орайда, көктемгі егіс жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Бұл мәселе министрліктің ерекше бақылауына алынған. Сонымен қатар министрлік жүйелі негізде азық-түлік тауарлары қорына мониторинг, өндіріс пен тұтыну теңгерімін жүргізеді. Қажет болған жағдайда министрлік өңірлерді қажетті өнімдермен толық қамтамасыз ету мақсатында облыстар арасында тауарларды қайта бөлуді жүзеге асырмақ.
Әкімдіктердің 20 сәуірдегі деректері бойынша республикада картоп қоры – 204 мың тонна, сәбіз – 44,7 мың, қырыққабат – 28,6 мың, пияз – 36 мың тонна. Түркістан облысында көлемі шамамен 198 мың тонна болатын ерте пісетін қырыққабатты жинау жұмыстары басталған. Сондай-ақ мамыр айының ортасынан маусымға дейін 174 мың тонна көлемінде ерте пісетін картоп және маусым айында 45 мың тонна сәбіз, 55 мың тонна пияз жинау болжанып отыр. Бұл ретте жеміс-көкөніс пен ерте пісетін өнімдерді өндіру үшін жеткілікті жұмыс күші бар Түркістан облысының әлеуеті зор. Тұрақтандыру қорлары мен «айналым схемасы» қаражаты аясында облыс шаруаларын форвардтық қаржыландыру бойынша жұмысты жолға қою отандық өндірушілерді қолдауға, оларды өткізу нарықтарына шығаруға, тауарлар тапшылығының және азық-түліктің бақылаусыз қымбаттауының алдын алуға мүмкіндік береді. Жалпы агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға биыл 608,2 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы инвестициялық субсидиялауға, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамытуға, ғылыми зерттеулерге, фитосанитарлық және ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ауыл халқының табысын арттыруға бағытталады.
Министр әлемдік азық-түлік нарықтарындағы тұрақсыз жағдайға байланысты және отандық құс фабрикаларын қолдау, ішкі нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында жұмыртқа өндірушілерді қолдау көлемін ұлғайту туралы шешім қабылданғанын жеткізді. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына тағамдық жұмыртқаны субсидиялауды енгізу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр. Осылайша, ереже жобасында жұмыртқа өндірісінің құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормативін екі есе ұлғайту көзделген. Ол құс фабрикасының қуатына қарамастан, бір данасына 3 теңге болады. Бұл қолдау шарасымен еліміздің барлық жұмыртқа құс фабрикасы қамтылады, оларды субсидиялауға 6,5 млрд теңге бөлінеді. Осы арада айта кетелік, елімізде 63 құс фабрикасы бар, оның 29-ы ет және 34-і жұмыртқа бағытында. Өткен жылдың қорытындысы бойынша отандық құс фабрикалары сойыс салмақта 266,8 мың тонна құс етін өндірді, бұл – жалпы өндіріс көлемінің 98%-ын құрайды. Тауық жұмыртқасы 3,5 млрд дана немесе жалпы өндірістің 74%-ы өндірілді. Құс етімен қамтамасыз ету – 66%, импорт үлесі 45%-дан 39,5%-ға дейін төмендеді. Ел тағамдық жұмыртқамен 98% қамтамасыз етілген.
Семинар-кеңесте Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Ерлан Баттақов өңіраралық сауда және эконономикалық қатынастарды дамыту жөнінде ой қозғаса, кәсіпкерлер мен ғалымдар ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша ой-пікірлерін ортаға салды. Ал «Fruit.kz» ЖШС бас директоры Болат Алиев ауыл шаруашылығы өнімдерін ішкі және сыртқы нарыққа өткізу және туындаған мәселелері бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.
Жиын соңында Түркістан облысының 40-тан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің өнімдері көрмесі ұсынылып, бірнеше тонна көкөніс өзге облыстарға жіберілді. Оның ішінде Ресейге және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына 80 тоннадай ерте пісетін бақша дақылдары саудаланып, жолданды. Семинар-кеңеске қатысушыларды, әсіресе, Түркістан өңірінде жүзеге асырылып жатқан үйіргелік шаруашылықты дамыту жобасы қызықтырды. Осы орайда Ауыл шаруашылығы министрі мен өңірлерден келген кәсіпкерлер, әкім орынбасарлары Сайрам ауданындағы екі шаруаның үйінде болып, шаруашылығымен танысты. Облыс әкімі бұл бастама арқылы жұмыссыздар саны азаятынын, отандық азық-түліктің көлемі артатынын және елдің әлеуеті көтерілетінін жеткізді. Семинар қатысушылары шаруаларға сұрақтарын қойып, тиісті кеңестерін алды. Түркістан облысының диқандары мен кәсіпкерлерінің еңбегіне тәнті болған министр Е.Қарашөкеев жас диқанға өзінің галстугін тарту етті.
Түркістан өңірінде ауыл шаруашылығы саласы өнімділігін арттыру үшін 3 негізгі бағытты дамытуға басымдық берілген. Бірінші бағыт – жеке қосалқы үй шаруашылықтарын дамыту. Былтыр жаңадан 525 отбасылық шаруашылық құрылса, оның ішінде 162 үй шаруашылығына «Еңбек» бағдарламасы арқылы гранттық қолдау көрсетілген. «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы арқылы былтыр 8 мыңнан астам гектарда 3 мыңға жуық жоба жүзеге асырылып, 280 мың тонна өнім жиналды. Үшінші бағыт – агроқұрылымдарды ірілендіре отырып, өндіріске заманауи озық технологияларды енгізу бойынша «Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру» жобасы қолға алынды. Жалпы құны 35,1 млрд теңге болатын 6 серпінді инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жаңбырлатып суару технологиясы 11 мың гектарға енгізіледі. Бүгінде 3 кооператив негізінде 2,2 мың гектарға 65 дана жаңбырлатып суару қондырғылары орнатылды. Технологияның тиімділігі – дақыл түріне қарай ағын суды 2 есе үнемдеумен қатар өнімділікті 3 есеге дейін арттырады. Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің айтуына қарағанда, аудан көлемінде ауыл шаруашылығын негізгі кәсіпке айналдырған отбасылар көп. Жалпы Түркістан облысында жеке қосалқы үй шаруашылықтарын дамыту, яғни үйіргелік шаруашылығы жақсы дамып келеді. Бұл жобада тамшылатып суару әдісі қолданылады. Жобаға «Еңбек» бағдарламасымен жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мемлекеттік гранты есебінен қолдау көрсетілуде. Өткен жылдың өзінде жаңадан 525 бірлік отбасылық шаруашылық құрылды, оның ішінде 162 үй шаруашылықтарына гранттық қолдаулар көрсетілген. Өңірде 257 мыңнан астам үй шаруашылығы бар. Жыл сайын қосалқы үй шаруашылықтарында 310 мың тоннаға жуық өнім өндіріледі. Бұл – жалпы көкөніс өнімінің 30%-ы.
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ақтөбе облысында Pfizer вакцинасы таусылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Оралда тұрғын үй ауласынан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Кеше
Абай облысы Қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы елордадағы құрылыс нысандарын тексерді
Үкімет • Кеше
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Таразда Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Кеше
Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды
Қоғам • Кеше
Зүлфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетика • Кеше
Қазақстанда қанша адам вакцина алды
Коронавирус • Кеше
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Кеше
2133 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1452 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Ауыр атлетика • 12 Тамыз, 2022
Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Жансель Дениз Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
Спорт • 12 Тамыз, 2022
Алматы облысында 1 жасар баланы автобус басып кетті
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Елордада көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • 12 Тамыз, 2022
ИИДМ басшысы құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
«Жер аманаты» комиссиясының «жедел желісіне» мыңға жуық өтініш түсті
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
Дархан Қыдырәлі Мажарстан Парламентінің арнайы сессиясына қатысты
Әлем • 12 Тамыз, 2022
Кристина Овчинникова Түркиядағы Ислам ойындарында қола иеленді
Жеңіл атлетика • 12 Тамыз, 2022
Атырау облысының Қызылқоға ауданына жаңа әкім келді
Тағайындау • 12 Тамыз, 2022
Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасын қабылады
Президент • 12 Тамыз, 2022
Елордада Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі учаске жабылады
Елорда • 12 Тамыз, 2022
Қазақстанда тұңғыш рет кибер құқық мектебі ашылады
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Елордада «Азия жаңғырығы» фестивалі басталды
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Ұқсас жаңалықтар