Қоғам • 26 Сәуір, 2022

Газ бағасы қайта қымбаттауы мүмкін

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның ішкі нарығында газ тұтыну көлемі күрт артып отырғандықтан, 2024 жылға қарай экспорт көлемі қысқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Газ бағасы қайта қымбаттауы мүмкін

«Біріншіден, бұған дейін газ тұтыну бағасы елімізде айтарлықтай арзан болып келді. Екіншіден, іштегі бағаны экспорттың есебінен жабу жүйесі жұмыс істеген еді. Яғни, экспорттан түсетін жоғары табыстың есебінен ішкі бағаны ұстап тұру мүмкін болды. Бірақ ішкі тұтыну көлемі артқанымен, газ өндіру көлемі артпай отыр. Сондықтан экспорт көлемін азайтуға мәжбүрміз», деді Болат Ақшолақов.

Оның айтуына қарағанда, газ экспортының қысқаруына байланысты Үкімет 2024 жылы көгілдір отынның құнын арттыруға мәжбүр болмақ.

«2024 жылы экспорт көлемі нөлге теңеледі деп күтіп отырмыз. Демек, мүлде экспорт болмауы мүмкін. Соның салдарынан ішкі бағаны ынталандыру тетігі қалмайды. Яғни, газ бағасын көтеру керектігін ойлай бастаймыз деген сөз», деді министр.

Аяна Тоғанбек