Саясат • 27 Сәуір, 2022

Аманатқа адалдық қажет

330 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Amanat партиясының кезектен тыс құрылтайы тарихи оқиға болды. Adal партиясы Amanat-қа қосылды. Бұл символикалық жағынан алғанда аманатқа адал болу деген мағынаны білдіреді.

Аманатқа адалдық қажет

Жалпы, жаңа Қазақстан дегенді қазір халық әділетті Қазақстан деп қабылдап жатыр ғой. Мен де солай қабылдаймын. Қаңтар оқиғасынан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алған жұмыстардың барлығын нәтижелі атқарды, мұның барлығын халық біліп, қолдап отыр. Президент партия құрамынан шығып, тізгінін халыққа тапсырғандай болды. Өйткені партия төрағалығына Мәжіліс Төрағасын сайлады. Ал Мәжілісте халықтың сайлаған өкілдері отыр. Сол себепті, Amanat партиясын халықтың жа­йын ойлаған партия деп есептеймін. Аманат дегеннің өзі қасиетті сөз.

Енді, екі партияның қосылып қызмет атқаруы әлемдік тәжірибеде бар нәрсе. Мәселен, Жапонияның либерал-демократиялық партиясы, Германияның жетекші партиялары бір-біріне қосылғанынан хабардармыз. Бұл процестер демократиялық мемлекетке тән құбылыс. Біздің елімізде де жүзеге асуда, тәуелсіз мемлекет екеніміздің бір көрсеткіші.

Adal партиясына келетін болсақ, соңғы 5-6 жылда елге танылды. Өздерінің ауқымды жобалары бар, елдің жағдайына алаңдап, пікірлерін білдіріп, қарапайым азаматтарға қолдау көрсеткенін білеміз. Бұл партия кезінде аудандық мәслихаттарда 26 мандатқа ие болған, қарқынды дамып келе жатқан партия болды. Үш құрылтайын өткізді. Алдағы уақытта екі партияның біріккен жұмысы бұдан да нәтижелі болады деп үміттенемін. Партия құрамында елге танымал қоғам белсенділері, халыққа жанашыр азаматтар бар. Халықтың сөзін сөйлейтін партия – менің партиям!

 

Сәуле ДОСЖАН,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы