Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту шаралары туралы» Жарлығына сәйкес, агенттік барлық әкімшілік рәсімдерге талдау жасап, әр жарты жыл сайын оның нәтижесін, яғни бюрократия көріністерін алдын алу бойынша нақты ұсыныстарды Президент Әкімшілігіне енгізеді. Бюрократиялық кедергілерге жол берілмейді.

Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын ұсынды. «Адам – мемлекет үшін емес, мемлекет – адам үшін» ұғымы алға шығуға тиіс екенін айтты. Мемлекеттік қызмет сапалы, кедергісіз әрі уақтылы көрсетіліп, елдің мүддесі бірінші орында тұруға тиіс.
Түркістан облысына арнайы іссапармен келген Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев облыс активімен, мемлекеттік қызметшілерімен кездесуде осылай деді. Сондай-ақ жиында агенттік төрағасы жүргізіліп жатқан реформаларды оңтайлы жүзеге асыруда агенттік алдында тұрған бірқатар мәселені баяндады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің басым көпшілігі өңірлерде ұсынылатынын ескере отырып, оларды тиімді әрі сапалы жүзеге асыру қажеттігін алға тартты. «Еліміздің кез келген азаматы мемлекеттік қызметтерді өзі қалаған өңірде немесе оларды ұсынатын мекемеде алу мүмкіндігіне ие болуға тиіс. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтамау және рәсімдерін бұзу секілді мәселелердің алдын алу, мемлекеттік қызметті оңтайлы бағытта ұйымдастыру шараларын қолға алу қажет», дей келе агенттік төрағасы мемлекеттік қызметке іріктеуді жеңілдету бойынша жасалып жатқан бірқатар ұсынысқа тоқталды. «Жоғары оқу орындары мен колледждерде мемлекет есебінен білім алып, оқу үлгерімінің орташа балы жоғары көрсеткіштегі маман иесі атанған жастарды аудандық және ауылдық деңгейлердегі төменгі лауазымдық мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз қабылдау ұсынылып отыр. Бұл қадам жас мамандардың ел өңірлеріне оралып, оның дамуына үлес қосуына жол ашып, аймақтарда кадр тапшылығын азайтуға ықпал етеді деп ойлаймыз», деді ол.
Кездесу барысында өңірдің мемлекеттік қызметшілері бірқатар өзекті мәселені қозғап, ұсыныстарын жеткізді. Кейбір аудандарда мемлекеттік қызметші саны халық санына сай емес екені, олардың құқығын қорғау бағытындағы түйткілдер айтылды. Мемлекеттік қызметшілердің білімін, қоғаммен байланыс орнатудағы шеберлігін көтеру, елдің мәселесіне жедел үн қату жолдары талқыланды. Сонымен бірге агенттік төрағасына жаңа Түркістан облысын құру барысындағы алгоритм мен іс-шаралар баяндалды. Бұл орайда елімізде жаңа облыстарды қалыптастыруда Түркістан өңірінің тәжірибесі де назарға алынатын болды. Түркістан қаласында тұрғындарды қабылдап, өтініштерін тыңдаған агенттік төрағасы іссапар аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушы-профессорлар құрамымен және жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің студенттерімен кездесті. Бүгінде облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 500-дейі – осы оқу орнының түлектері екенін айта кетелік.
Ордабасы ауданы және Кентау қаласында азаматтарды жеке қабылдап, мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен танысқан агенттік төрағасының іссапары Шымкент қаласында жалғасты. Мемлекеттік қызметшілермен кездесуде Дархан Жазықбаев Президент қойған бірқатар міндетке тоқталып, мемлекеттік қызмет көрсету бюрократиялық, формальді принциптерге емес, нақты нәтижеге бағдарлану керектігін айтты. «Мемлекеттік қызмет бюрократияға жол бермейтін, халықтың қажетіне бағдарланған сервистік сипатта ұйымдастырылған кезде қалыптасқан олқылықтар еңсеріліп, мемлекеттік аппараттың жұмысы жаңа деңгейге көтерілері анық. Жасалып жатқан реформалардың барлығы да ел игілігіне бағытталып отыр. Мемлекеттік қызметті түбегейлі жаңғыртудың да басты мақсаты – «халық үніне құлақ асатын» мемлекеттік аппарат қалыптастыру», деді Д.Жазықбаев. Сонымен қатар агенттік төрағасы жаңа редакциядағы Әдеп кодексінде көрсетілген ашықтық, әділдік, адалдық, сыпайылық, адал ниеттілік және клиентке бағдарлану қағидаларына баса назар аударуға шақырды. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік органның өкілі ретінде оның абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге, сыбайлас жемқорлыққа, мүдделер қақтығысына, қоғам тарапынан, сонымен қатар әлеуметтік желілерде сынға ұшырайтын әрекеттерге жол бермеуге тиіс екендігін атап өтті. Ал Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасына сәйкес қалада «адамдар – әкімге» форматынан «әкім – халыққа» қағидатына көшу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2022 жылдың 1-тоқсанында қалада 72 кездесу өткізіліп, онда 374 маңызды мәселе көтерілді. Кездесулерде көтерілген мәселелердің 78-і қанағаттандырылды, 249-ы жыл соңына дейін шешімін табады, ал 48 мәселені шешу ұзақ мерзімді қажет етеді», деді қала әкімі.
Іссапар барысында Дархан Жазықбаев Ten qogam әлеуметтік қолдау орталығында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «бір терезе» қағидасы бойынша ұсынылатын мемлекеттік қызметтің сапасымен, «I-shymkent 109», «Диспетчерлік қызмет» және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен танысты. «Жастар ресурстық орталығында» өткен еркін форматтағы пікір алмасу кезінде жастардың толғандырған сұрағына жауап беріп, оларды талапшыл, еңбекқор әрі адал болуға, үздіксіз білім алуға шақырды.
«Анталия-Ташкент» рейсінің жолаушылары ұшақ бортында төбелесті
Оқиға • Бүгін, 14:12
Павлодар облысында ауыл тұрғынынан алкоголь тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 14:01
Президент Армения премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 13:55
Қазақстандық зілтеміршілер Ислам ойындарында 10 медаль иеленді
Ауыр атлетика • Бүгін, 13:38
Головкин Канеломен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 13:14
СҚО-да жеті айда 129 интернет-алаяқтық тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:53
Емханаларда көрсетілетін консультация-диагностика қызметтерінің саны артты
Медицина • Бүгін, 12:47
Жамбыл облысында героин сатқан тұрғын ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:33
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 12:26
Елорда әкімі мердігерге ЖЭО-3 құрылысын аяқтауды тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Қарағанды мешітінде ұрлық жасаған жас жігіт ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:05
Елордалық бес кикбоксер Ислам ойындарының финалына шықты
Елорда • Бүгін, 11:52
Қызылордада ірі есірткі алқабы жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жаңа төрағасы таныстырылды
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Елордада кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті
Елорда • Бүгін, 11:28
Магистратураға түсуге 17 мың талапкер өтініш берді
Білім • Бүгін, 11:18
Алматыда көпқабатты үйден әйел құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 11:07
Дизельді заңсыз тасымалдаған қызылордалық сотталды
Аймақтар • Бүгін, 11:00
Қоғам • Бүгін, 10:53
Бірқатар өңірде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:40
Нұр-Сұлтан дәріханаларында есірткі сатылып келген
Елорда • Бүгін, 10:34
Коронавирус жұқтырған 37 науқастың жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:27
Өскеменде жоғалып кеткен әйел табылмай жатыр
Оқиға • Бүгін, 10:15
Қытайда аптап ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды
Әлем • Бүгін, 10:02
Мемлекет басшысы Сингапурға ресми сапармен барады
Қазақстан • Бүгін, 09:47
Юлия Путинцева Цинциннати турнирінде жеңіліп қалды
Теннис • Бүгін, 09:35
17 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:23
Ішкі істер министрлігіне қарасты ЖОО басшылары жауапқа тартылды
Қазақстан • Бүгін, 09:17
Ерлан Ыдырысов қызметінен босатылды
Президент • Бүгін, 09:03
Елімізде тағы 1 104 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Спорт • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:38
Спорт • Бүгін, 08:35
Өнер • Бүгін, 08:33
Таным • Бүгін, 08:30
Жұқпалы індеттен абай болған абзал
Медицина • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:25
Қос ауданда өткен азаматтық қабылдау
Саясат • Бүгін, 08:23
Мемлекеттік сыйлық: Үміткерлер іріктелді
Қазақстан • Бүгін, 08:21
Саясат • Бүгін, 08:20
Ұқсас жаңалықтар