Аймақтар • 27 Сәуір, 2022

«Алматы жылу желілеріне» 17,5 миллион теңге айыппұл салынды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Алматы жылу желілері» ЖШС-ға бірқатар заңбұзушылықтар үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алматы жылу желілеріне» 17,5 миллион теңге айыппұл салынды

Айыппұл салуға ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің «Алматы жылу желілері» ЖШС қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізуі негіз болды.

«Жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша 2019 жылдың 1 желтоқсанынан 2021 жылдың 30 желтоқсанына дейінгі аралықта «Алматы жылу желілері» ЖШС тұтынушылармен техникалық ережелерді сақтамай шарттар жасасып, жылумен жабдықтау қызметтерін көрсетуде бұзушылықтар жасағаны анықталған. Сонымен қатар тексеру аясында Алматы қаласын жылумен және ыстық сумен жабдықтау қызметін көрсететін табиғи монополия субъектісі болып табылатын «Алматы жылу желілері» ЖШС тұтынушыларға көрсетілетін қызметке қол жеткізу үшін бірдей жағдай жасамағаны анықталды», деді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.

Монополияға қарсы органның мамандары сонымен қатар АЛТҚ мен тұтынушылар арасындағы жылумен жабдықтау қызметтерін көрсетуге арналған шарттар Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығымен бекітілген Үлгілік шарттардан мазмұны жағынан ерекшеленетінін анықтады.