Оқиға • 27 Сәуір, 2022

Оқушының соққыға жығылғанын хабарламаған директор жазаланды

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда оқушының соққыға жығылуына байланысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқушының соққыға жығылғанын хабарламаған директор жазаланды

Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллиннің айтуынша, 25 сәуірде №36 мектептің 10-сынып оқушысы соққыға жығылған. Соған байланысты дене жарақатын қасақана келтіру дерегімен ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы, 2-бөлігінің 8-тармағымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Жедел тергеу шаралары күдікті ретінде 11-сынып оқушысын анықтады. Оқиғаның бүкіл куәгерінен жауап алынды. Қазір қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері, оның ішінде сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. Кәмелетке толмағандарға қатысты заңға қайшы әрекеттерді хабарламағаны үшін мектеп директоры Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 127-1-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылды», дейді Аршат Тайтуллин.

Қазір қалалық прокуратура уәкілетті органдармен бірге кәмелетке толмағандар арасында қабылданған профилактикалық жұмыстардың толықтығын тексеріп жатыр. Облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрқабыл Айтмұхамбетовтің дерегіне сүйенсек, науқас емдеу орнына 25 сәуірде сағат 17:00 шамасында түсіп, лор бөліміне жатқызылған.

«Науқасты шұғыл операциялық көмекті қажет етпейтіндігіне байланысты Батыс Қазақстан облыстық ауруханасының мамандарына жіберу келісілді. Алайда, ата-анасы 26 сәуірде сағат 12:00-де баласын қолхатпен шығарып алып, Оралға ұшақпен алып кетті», дейді Нұрқабыл Айтмұхамбетов.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025