Әлем • 28 Сәуір, 2022

Бейжіңде коронавирустың өршуіне байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейсенбіден бастап Қытай астанасындағы мектептерде сабақ беру тоқтатылды. Бұл шектеулер қауіпті вирустың таралуын тоқтату мақсатында енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейжіңде коронавирустың өршуіне байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды

Бүгін таңертең бейжіңдік Чаоян ауданындағы жекеменшік мектептерде білім алушылардың ата-аналарына оқу орындары қашықтан оқыту режиміне көшкені туралы шұғыл хабарлама келді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, сәрсенбіден бастап мұндай шаралар қаланың басқа аудандарындағы бірқатар бастауыш және орта мектептерде енгізіле бастайды. Сондай-ақ Тунчжоу ауданындағы балабақшалар жұмысы тоқтатылған.

27 сәуірдегі жағдай бойынша, мектеп оқушылары арасында COVID-19 инфекциясын жұқтыру оқиғаларының саны артып келеді. Астаналық Чаоян ауданындағы мектептердің бірінде вирусқа шалдығудың 36 оқиғасы анықталған.

ҚХР гигиена және денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің мәліметінше, соңғы тәулікте Бейжіңде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 50 жаңа оқиғасы тіркелді. Дүйсенбіден бастап билік Қытай астанасы аудандарындағы бірқатар тұрғынды жаппай тестілеуден өткізуде.

Аяна Тоғанбек