Қоғам • 28 Сәуір, 2022

Елімізде ірі кәсіпорындардың төңірегінде шағын зауыттар салынады

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде ірі кәсіпорындардың төңірегінде шағын зауыттар салынады

«Бүгін таныстырып отырған жобалардың барлығының тікелей әсері бар. Жанама әсер арқылы да табысты арттыратын жобалар жоқ емес. Ең алдымен бұл 50 әрі кәсіпорынға қатысты. Олардың төңірегінде шағын және орта бизнес белдеуі құрылады. Меніңше, бұл кәсіпкерлік қызметтен, шағын және орта бизнес өкілдіктерінен табыс алуға мүмкіндік береді», деді Үкімет басшысының орынбасары Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Осы ретте ол төңірегінде 8 шағын зауыт салынатын Қызылорда облысында шыны зауытын мысалға келтірді.

«Дәл осындай тәсіл жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға және жаңа жобаларға қолданылатын болады. Ал Қазақстанда «Қазақмыс», «Испат Кармет» сынды кәсіпорындар өте көп. Міне дәл осы кәсіпорындардың төңірегінде осындай кәсіпорындар құрылады», деді Ералы Тоғжанов.

Аяна Тоғанбек