Әлеуметтік желіде тараған видеодағы оқиғаның шынымен елордада болғанын қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады.
«28 сәуір күні сағат 14.26-да Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының бөлімшелері 4 адам, бір техникадан жасақталған құраммен Сығанақ көшесі 2А мекенжайына шықты.
Оқиға орнына жеткен бойда 6-қабаттағы пәтердің терезесіне автокранның ілгегі құлағаны белгілі болды. Аталған орынға өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің мамандары жіберілді. Зардап шеккендер жоқ.
Толық ақпарат лау үшін өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментіне хабарласу керек», деп жазылған мәліметте.