Қоғам • 28 Сәуір, 2022

Балаларға арналған «QAZAQ BOXING» клубы ашылады

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласындағы Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясында «BOXING QZQ» бокс академиясының демеушілігімен «QAZAQ BOXING» бокс клубы ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Балаларға арналған «QAZAQ BOXING» клубы ашылады

Бұл іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биыл «Балалар жылы» деп аталуына орай ұйымдастырылып отыр. Салтанатты ашылу шарасы ертең сағат 10:00-де аталмыш мектеп қабырғасында өтеді.

Клубтың мақсаты – өскелең ұрпақты спортқа баулу, салауатты өмір салтын дәріптеу.

Салтанатты іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары Рахматолла Аблазимов, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев, Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, сол сияқты білім саласының өкілдері, демеушілер, қамқоршылық кеңесінің мүшелері қатысады.

Ашылу салтанатына қатысушылар мектеп фойесінде инновациялық және шығармашылық жұмыстардың көрмесімен танысып, Мұстафа Шоқай музейіне экскурсия жасайды.

 Аяна Тоғанбек