Интернатта жатамыз. Күзгі он күндік каникулға шықтық. Енді қойшы ауылға тарту керек. Мәселе оңай шешілді. Ылдидан отын алып келуге тіркемесінде 5-6 адам бар бір трактор жүргелі тұр екен. Дәл біздің үйдің қасынан өтеді. Жол болды деген осы.

Тракторшы «ЮМЗ-ны» оталдырумен әлек болып жатқанда контор жақтан қызыл ала көйлек киген бір әйел екпіндеп келді де: «Сендерге кешеден бері не айтылды? Ауданнан өкілдер келеді, сағат 11-де конторда жиналыс болады деп ескертілді ғой. Бұларың не, түк білмегенсіп кетіп бара жатқандарың? Директор мен парторг айтты, білмеймін, түгел қатысасыңдар. Жиналыста өкілдің алды бос болмауға тиіс», деп өзеурей сөйледі.
Тракторшы ағай: «Сонда отынға қашан барып келеміз? Күн кеш болып кетеді ғой», деп жалынышты үнмен қарсылық танытқансыды. Бірақ әлгі әйел ештеңеге қарамады, трактордың жанында тұрғандардың барлығын сықпырта айдап, контордағы мәжіліс залына тоғытып жіберді. Қосақ арасында мен де кеттім.
Кеңшар конторының мәжіліс залы кең, әрі сұсты екен. Төрде қызыл мата жайылған ұзын үстел тұр. Оның оң жағын ала бере қызыл қоңыр ағаштан жасалған биік мінбер орналасқан. Залдың іші иіріп айдалып әкелінген кеңшар жұмысшыларына лезде толып кетті. Сәлден кейін есіктен теңселе басып, көпшілікке шекесінен қарап бірінен соң бірі тізбектеле төрт адам кірді. Жұрт орындарынан тұрып құрмет көрсетіп қарсы алды. Екеуін сырттай білемін. Бірі – парторг, екіншісі – директор. Қалған екеуі аудан орталығынан келген өкіл екені анық. Жүздері күн көрмеген, сұп-сұр. Олар төрдегі үстелге, халыққа қарама-қарсы жайғасты. Мен үшін бәрі қызық, бәрі таңсық. Мынадай мәртебелі орынға кіру құрметіне ақысыз-пұлсыз ие болғаныма мәзбін. Жиналыс басталып кетті.
Күн тәртібі бекітілді: Бірінші мәселе – қыстау қораларды, ондағы шопан тұратын үйді жөндеу, екінші мәселе (есімде жақсы сақталып қалыпты) – коммунизм орнату, компартияның шешімдерін жүзеге асыру. Содан бірінші мәселе бойынша ферма меңгерушілеріне, құрылыс бригадирінің басшысына сөз берілді. Олардың бәрінің сөздері бір жерден шықты: құрылыс материалдары, әйнек, плита, т.б. жоқ. Облыстан келмей жатыр. Мәселенің бір ұшы директорға тірелді. Оны сезе қойған жиналысты жүргізуші ағай: «Жарайды, бұл мәселені алдағы уақытта тағы қарастырамыз, енді күн тәртібіндегі келесі мәселеге көшейік», деді.
Содан айда келіп, жиналыс қызып жүре берді. Горбачевтің әкелік қамқорлығының, партияның тура жолының арқасында керемет өмір сүріп жатқанымыз, коммунизмді құруға «жарты елі» ғана уақыт қалғаны туралы, Құдай-ау, тағы да талай игіліктер айтылды. Сол сәтте осындай тамаша елде тұрып жатқаным үшін кеудемді мақтаныш сезімі кернеп кетті. Ауданнан келген өкілдер де, кеңшар басшылары мен жұмысшылары да жарқын-жарқын сөйлегенде залдың іші шаттықтан қызуы көтеріліп тұр еді. Ұзақ ду қол шапалақтаумен жиналыс бітті.
Жиналыстың әсерінен тракторға жеткенше айыға алмадым. Бірақ тіркемеге мінген сәтте әлгі әсем әсер бірден ғайып болды. Тіркеменің үстінде шаң-шаң болып, селк-селк етіп кетіп барамыз. Тіркеме қатты тоңқығанда отырған жерінен артқа қарай шалқасынан түскен бір ағамыз орнына қайта отырып жатып, кезерген ернін бір жалап алды да «әкеңнің аузы, саған, коммунизм» деді ызбарлана. Оның аузынан бұл сөзді жиналыстан шыққан бетте естігенімде қабылдай қоймас едім, ал мына күйімізде оның әлгі сөзіне түсіністікпен қарамасқа лажым жоқ еді...
Кейін қыстау қораға көшіп бардық. Сол кезде менің де аузымнан: «әкеңнің аузы саған, коммунизм» деген сөз еріксіз шығып кеткені. Өйткен қыстау қора быт-шыт, жөнделмеген – баяғы жиналыста күн тәртібіне қойылған бірінші мәселе коммунизмді орнатамыз деп жүріп естен шығып кеткен. Оны қоя бер, біз тұратын үйді айтсаңшы: терезе салынбаған, есігі шалқасынан құлап жатыр, пеш үстінде плита жоқ, қысқасы – быт-шыт. Бұл қыстауға жылда келеміз, жылдағы көрініс осы. Жылда көкем мен апам мұндағы үйді де, қораны да өздері реттеп, жамап-жасқап жүргені. Терезеге әйнек салынып көрмеген, ылғи клеенкамен бекітіледі. Ал біздің жұрт айтып жүргендей коммунизмге жыл сайын жақындап келіп қалғанымыз, қане?
Сол жалған уәдемен, іш кептірер құрғақ сөзбен әлі келеміз. Сөз бен істің арасындағы алшақтық жақындар емес. Қаптаған жиналыс, қақсаған шешендер, біреуді шығарып, біреуді түсірген мінбелер. Осыдан жалықтым деп ешкім айтпайды, жалықтырдым деп те ешкім тыйылмайды. Әдемі өмірдің елесі әлі еліктіріп келеді. Жеткізер емес. Әдемі өмір қандай болады. Оны кім көріпті. Бәлкім, әдемі өмір дегеніміз осы өзіміз сүріп жатқан өмірдің өзі шығар.
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Өнер • Кеше
Үш өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше
Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады
Елорда • Кеше
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Кеше
Журналистерге жүлде жауған күн
Қазақстан • Кеше
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Кеше
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Кеше
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Кеше
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Кеше
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Кеше
Алматы тұрғындарының саны өсті
Қоғам • Кеше
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Кеше
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар