Ата заң • Кеше

Жаңа Конституцияда қазақ тілінің мәртебесі қалай бекітілмек?

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында жаңа Конституция жобасындағы мемлекеттік тіл мәселесі қайта қаралды. Қоғамда айтылып жүрген сауалдарға жауап берген сарапшылар негізгі заңда қазақ тілінің орны өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа Конституцияда қазақ тілінің мәртебесі қалай бекітілмек?

Комиссия отырысында сөз алған Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директоры Жандос Шаймарданов Конституция жобасында бұл мәселе анық әрі екіұшты түсіндірмеге жол бермейтіндей түрде жазылғанын айтты. Оның айтуынша, талқылау барысында бірқатар азамат мемлекеттік тілдің конституциялық мәртебесіне қатысты алаңдаушылық білдірген.

Жаңа Ата Заңның жобасында қандай мызғымас қағидаттар бекітілді?

«Жаңа Конституция жобасында қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде нақты бекітілген. Бұл норма ешқандай күмән тудырмайды», деді Жандос Шаймарданов.

Сарапшының сөзінше, қазіргі талқылаулар қоғамның Ата Заңға деген жауапкершілігі артқанын көрсетеді. Мемлекеттік тілдің мәртебесін айқындау – тек құқықтық норма ғана емес, елдің болашақ даму бағытын айқындайтын құндылықтық таңдау. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конституция жобасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі орны бұрынғыдан да анық әрі нақты көрсетілген.

Қазақстанның саяси партиялары Жаңа Конституцияның жобасын талқылады

Комиссия жұмысы барысында Конституцияның өзге де маңызды баптары талқыланып, қоғамнан келіп түскен ұсыныстар ескеріліп жатыр. Бұл үдеріс негізгі заңның қоғамдық келісім мен ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлін күшейтуге бағытталған.

Жаңа Ата заңның жобасы: Конституцияға өзгеріс енгізу тек бүкілхалықтық референдум арқылы мүмкін болады

Соңғы жаңалықтар