Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жакеновтың төрағалығымен өткен ономастикалық комиссияның кезекті отырысында белгілі болды.
Отырысқа қатысушылар ономастика саласындағы жұмысты жүйелендіру мәселесін қозғап, көшелерге Нұркен Әбдіров, Шерхан Мұртаза, Сафуан Шаймерденов, Нұрлан Балғымбаев, Тұрсынбек Кәкішев есімін беруді, сол сияқты елорда мектептеріне Талғат Бигелдинов, Мағжан Жұмабаев, Темірбек Жүргенов есімдерін беру жөніндегі ұсыныстарды мақұлдады.