Облыс әкімі баспасөз қызметі мәлімдегендей, Атырау қаласында «Сергек» бейнебақылау жүйесінің 2 748 камерасы орнатылған. «Биылғы жылдың екі айында «Сергек» бейнебақылау камерасы арқылы 21 578 ереже бұзу дерегі анықталды. Ал сәуір айының 13 күнінде жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты 6 394 факті тіркелген. Оның ішінде жылдамдықты арттырғандар саны – 4 244. Жыл басынан бері бейнекамералардың көмегімен 97 қылмыс ізі суымай ашылды», дейді әкімдіктің баспасөз қызметі. Қазір облыста 3500-ден астам бейнекамера орнатылған. Оның ішінде 750 бейнебақылау камерасы интеграцияланған.