Аймақтар • 01 Мамыр, 2022

Бірлік бар жерде береке, әділдік және өркендеу бар – Қанат Бозымбаев

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады деп хабарлайды Egemen.kz

 

Бірлік бар жерде береке, әділдік және өркендеу бар – Қанат Бозымбаев

Құрметті жерлестер!

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні баянды болсын!

Бірлік бар жерде береке, әділдік және өркендеу бар. Кешегі ата-бабамыздан қалған қарапайым осы сөздің мәні бүгінгі күні де өте өзекті.

Елім деген әр азамат ел бірлігінен артық, ел бірлігінен қымбат ештеңе жоқ екенін соңғы жағдайлардан кейін және түсінгендей.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстан құру саясатының негізгі өзегі де ел бірлігін нығайтып, әділдікті үстем ету.

Қазақстанда, соның ішінде Жетісу өлкесінде тұратын этнос өкілдері қазақ халқының ұлттық құндылықтарын басты діңгек ете отырып, этномәдениеттерін дамытып келеді. Халқымыз «Ынтымақ түбі - игілік» деген. Бірлік пен достыққа, өркендеу мен өсуге бастайтын осындай игі байланыстарды одан әрі дамыта беруге баршамыз атсалысатын боламыз.

Баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс, ашық аспан, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін! Еліміз аман, жеріміз бүтін, заманымыз тыныш болсын!