Спорт • 01 Мамыр, 2022

BoxRec үздік он қазақстандық боксшының тізімін жасады

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Барлық боксшылардың кәсіби жетістігін саралап отыратын Boxrec.com сайты үздік қазақстандық он спортшының тізімін жаңартты, деп хабарлайды  Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме беріп. 

BoxRec үздік он қазақстандық боксшының тізімін жасады

Геннадий Головкин біраз уақыт үзілістен кейін рингке оралып, рейтингіде қайтадан көш бастады. Жәнібек Әлімханұлы сәйкесінше екінші орынға түсті. Үздік үштіктен Сергей Липинец «белсенді болмағаны» үшін шығып қалды, оның орнына Мейірім Нұрсұлтанов келді.

BoxRec тұжырымы бойынша үздік он қазақстандық боксшы:

1. Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) — 684.7

2. Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) — 30.81

3. Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) — 17.58

4. Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) — 13.59

5. Қанат Ислам (28-1, 22 КО) — 12.51

6. Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) — 12.07

7. Руслан Мадиев (14-2, 5 КО) — 11.96

8. Али Ахмедов (18-1, 14 КО) — 10.69

9. Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) — 9.655

10. Бекман Сойлыбаев (13-1, 5 КО) — 8.247