Қазақстан • 03 Мамыр, 2022

Ең бірінші әлеуметтік ортаны өзгерту маңызды

165 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі заманда біз барлығына бір идеологияны алып, сіңіре алмаймыз. Қазақстан халқы күрделі, көптеген топқа бөлінді, әңгіме тек этностық құрылым туралы ғана емес. Бізде әртүрлі саяси көзқарастар бар. Оңшылдар, солшылдар, оқшауланушылар және глобалистер.

Ең бірінші әлеуметтік ортаны өзгерту маңызды

Мұндай қайшылық көп. Бірақ мұндай жағдайдағы ең бастысы – ең алдымен біз қазақстандықтармыз, содан кейін ғана саяси партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың немесе мүлік иелері бірлес­тіктерінің мүшелеріміз деген негізгі түсінік. Азаматтық бірегейлік басқа­ларынан биік болуы үшін біз әлеуметтік тәртіп негіздеріне жүгінуіміз керек.

Қазақстандықтардың көбі Қазақстанды болашақта азаматтардың басым бөлігі қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білетін көпұлтты ел ретінде көреді. Өкінішке қарай, азаматтар арасында сенім жоқ. Зерттеулер көрсеткендей, экономикалық өсу мен өмірге қанағаттану деңгейі қоғамдағы сенім деңгейіне байланысты.

Біз билік институттарына ғана емес, тұрғын үй кешеніндегі көршілерге де сенбейміз. Басқа этностар мен діндердің өкілдері жиі сенімсіздік тудырады. Сенімділікті арттыру үшін қандай құралдарды қолдана аламыз? Сенім ауызша араласу арқылы қалыптаспайды. Адамдарға дұрыс көзқарас қалыптастыру үшін әлеуметтік ортаны өзгертуіміз керек. Осы жылы басты мемлекеттік басым­дыққа айналдырған саяси реформалар осы бағытта жұмыс істеуде. Консти­туцияға енгізілген түбегейлі өзгерістер саяси жүйеміздің сапасын жаңартады. Жергілікті жерлерде және республикалық деңгейде биліктің өкілді тармағын күшейту кең азаматтық өзара іс-қимыл жасау үшін арна құрады. Идеологиялық қарсыластар туралы иллюзиялармен және стереотиптермен өмір сүрген әртүрлі топ Мәжіліс пен мәслихаттарда кездеседі. Бұл мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасын толығымен өзгертеді.

 

Никита ШАТАЛОВ,

саяси шолушы

Соңғы жаңалықтар

Джеруто жолдама алды

Спорт • Бүгін, 09:25

14 боксшымыз – жеңімпаз

Бокс • Бүгін, 09:20

Көнеге қамқорлық

Мәдениет • Бүгін, 09:15

Жаңа аудан жаңаша аталса

Аймақтар • Бүгін, 09:10