Қазақстан • 03 Мамыр, 2022

Ынтымақтастығымыз нығая берсін

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біз бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқанымызға мың да бір алғыс айтуымыз керек. Заманымыз тыныш, береке-бірлігіміз жарасқан. Өзім Шығыс Қазақстан облысындағы Орыс мәдени орталығының белсендісімін.

Ынтымақтастығымыз нығая берсін

Ресейдің Барнаул қаласында өнер академиясында оқығанмын. Содан бері шығармашылықпен айналысып келемін. Ән салып қана қоймаймын, орыстың ән өнерін де зерттеймін. Колледж қабырғасында жүр­­генде-ақ «Бастеньки» фольклор ансам­блінде өнер көрсеттім. Кейін «Родни­чок» балалар ансамблінде жетекші болдым. Кіш­кентай балдырғандарым республи­калық, халықаралық байқауларда топ жарды.

Әлі де ән өнерінен қол үзбейміз. Айтайын дегенім, көңіліміз тоқ, уайымымыз жоқ болып, әндетіп, би билеп жүре бергенімізге не жетсін?! Көпұлтты еліміз бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатырмыз. Әр ұлттың өнерін, салт-дәстүрін, тілін, ділін сыйлаймыз.

Алғаш Қазақстанда Достық үйі біз­де, Өскеменде ашылғаны есіміз­де. Сонда салтанатты іс-шараға да өзіміз де қатыстық. Сол кезде-ақ еліміздің бірлігі, біртұтас­тығы сезілген еді. Әр бірлестік мүше­лер­імен туысқандай болып араласып кет­тік. Қаншама іс-шара өткіздік?! Қазіргі таңда Достық үйі кеңейіп, қанатын кеңге сермеді. Қоғам­дық жұмыстарға жас­тар да тартылып жатыр. Осының бәрі бізді қуантады. Ұлттардың айрандай ұйып отырғандарына қарап қуанамыз. Осынау бірлігімізден, татулығымыздан айырылмайық. Кешегі елімізді есеңгіретіп кеткен кеселден сақтасын! Түрлі қақты­ғыс­тардан аулақ болайық! Еліміз мәңгі жасасын!

Анна Дёмина,

Орыс мәдени бірлестігінің белсендісі