Қоғам • 03 Мамыр, 2022

Юрий Ильин ерлік танытқан жасөспірімдерді марапаттады

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласында суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалған 7-сынып оқушысы мен колледж студенті марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Юрий Ильин ерлік танытқан жасөспірімдерді марапаттады

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 1 мамыр күні болған. Балалар өзен жағасына серуенге шыққан.

«Суға секірген 11 жастағы бала жағаға жете алмай, бата бастаған. Сол кезде Семей қаласындағы Құрылыс колледжінің 2-курс студенті Данила Кондратенко лезде көмекке ұмтылып, оны судан алып шыққан. Ал баланың сыныптасы Руслан Омаров дәрігерлер келіп жеткенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетті. Соның арқасында оқушы аман қалған», делінген ақпаратта.

Зардап шегуші облыстық Балалар ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта ол дәрігерлер бақылауында.

«Руслан Омаров пен Данила Кондратенко ерлік танытып, адам жанын ажалдан арашалап қалды. Сын сағатта батыл әрекет еткен олар өздерін батыр санамайтынын айтады. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен екеуі Құрмет грамотасымен марапатталды», делінген хабарламада.