Қазақстан • 05 Мамыр, 2022

Әділетті Қазақстан ұстанымының маңызы айрықша

606 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Жаңа Қазақстанды құруға, қалыптастыруға шын мәнінде ниетті екенін бәріміз көрдік.

Әділетті Қазақстан ұстанымының маңызы айрықша

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Президенттің жақын­дары мем­лекеттік қызметте, квази­мемлекет­тік секторда лауазымды қызметтер атқаруы­на тыйым салынатынын атап өтті. Бұл жаңалық көпшіліктің көкейіндегісін тап басты десек, қателеспейміз.

Расында да, бұл өзгеріс бар­лық мемлекеттік аппараттың дұ­рыс жұмыс істеуіне оң әсерін тигі­зе­тіні даусыз. Сонымен қатар осы бір ұйғарым Прези­денттің қандай да бір дәрежеде шешім қабылдайтын кезінде оң әсерін тигізетіні ақиқат. Мемлекет басшысы бұл шешімді дербес түрде қабылдап, өзінің халық алдындағы шынайы болмысын байқатты.

Елімізде Президент Консти­туцияға сәйкес азаматтардың құқық­тары мен бостандығының кепілі болып табылатынын ес­керсек, Мем­лекет басшысының жа­қын туыстарын жетекші қыз­меттерге орналас­тырмауы өте дұрыс әрі дер кезінде қабыл­данған шешім деуге болады. Сол арқылы халықтың сеніміне ие болатыны да шындық.

Жалпы, Мемлекет басшы­сы­ның Жаңа Қазақстанды құру жолында қолға алған барлық реформалары қолдауға тұрарлық. Біз Конституциялық сотты құру арқылы да өркениет көшіне ілескенімізді байқатамыз. Жер мә­селесіне қатысты айтқан ұс­танымдары да Қазақстан халқы­ның ойымен үйлесім тапты деп айтуға толық негіз бар.

Біз құқықтық мемлекетке айналу жолында жаңа саяси ре­фор­малардың жүзеге асаты­нын көріп отырмыз. Бұл өз кезе­­гін­де «Екінші республика» қағи­дат­тары­на сәйкес келеді. Прези­дент Жаңа Қазақстанды құру жо­лын­да Әділетті Қазақстан ұс­та­ны­мына айрықша назар аударып отырғаны қуантты. Қоғам бар­лық мәселеде ашықтық, әділ­дік пен заңдылықтың болға­нын қа­лайды. Президент айтқан бас­тама­лар баянды болған кезде, біз шын мәнінде де зайырлы, құқықтық мемлекетке айнала­­мыз. Ал Конституцияға енгізі­ле­тін өзгерістерге байланысты ре­фе­рендум өткізу туралы шешім дер кезінде қабылданды. Бұл би­лік­тің халықпен санасатынын көр­сете­ді. Сол бағытта атқары­латын бар­лық жұмыс жемісті болса деген тілек көкейде тұр.

 

Әлібек ТӘЖІБАЕВ,

«Еуразиялық мониторинг» сараптамалық зерттеулер орталығының директоры