Пікір • 06 Мамыр, 2022

Ұзақ мерзімді дамудың жаңа парадигмасын айқындайды

309 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Құқық қорғау институттарын күшейту – саяси реформалардың жалпы Қазақстанның жүйелі трансформациясына ықпал ететін 10 басым бағытының бірі. Бұл мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының жаңа парадигмасын айқындайды.

Ұзақ мерзімді дамудың жаңа парадигмасын айқындайды

Түзетулерді пысықтау үшін Президенттің өкімімен көрнекті құ­қықтанушы ғалымдардан, адам құқықтары жөніндегі уәкілден, Пар­ламент пен мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылды. Омбудсменнің тәуелсіздігі және оның мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға есеп бермеуі, сондай-ақ оған қол сұғылмауына кепілдік береді.

Ашық деректерге сүйенсек, Қазақ­стан тәуелсіздігін жариялаған сәт­тен бастап 536 өлім жазасы орын­далған. Еліміде 2004 жылғы 1 қаң­тардан бастап 2020 жылғы 24 қыр­күйекке дейін өлім жазасына мораторий жарияланған еді. Қазір өлім жазасы өмір бойы бас бостандығынан айы­румен ауыстырылды. Бұрын өлім жазасына кесілген немесе өмір бойы сотталған 100-ден астам адам екі колонияда жазасын өтеп жатыр.

Сарапшылардың пікірінше, кейде қылмыскерлерді ұзақ және өмір бойы оқшаулау қатыгездік пен қылмыстың себебіне әсер етпейді. Өлім жазасының күшін жою мә­селесін талқылау барысында әр сот­талған адамнан келетін тәуекелді жеке бағалауды қажет етеді. Әр адам­ның үміті бар. Үмітсіз шайтан ғана.

Бұл әсіресе, өмір бойы немесе ұзақ мерзімге бас бостандығынан айы­рылған, сондай-ақ түрмеден шығып, еркін өмірге бейімделуге тыры­сатын адамдар үшін өте маңыз­ды. Осылайша, ұсынылып отыр­ған түзетулерде тергеушілер мен тұт­қын­дарға қарауды ізгілендіру қағидатына басымдық берілді. Құқық қорғау инс­титуттарын күшейту мақсатында 3 бапқа түзетулер енгізіліп, Ата Заңымызға жаңа бір бап енгізілмек.

 

Ләззат НҰРҚАТОВА,

әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор