Су айдындарына балық жіберу Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының, жергілікті атқарушы органның, Петропавл балық питомнигі, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Солтүстік филиалының өкілдерінен құралған комиссия арқылы бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен жүзеге асырылды.
Айта кетейік, Петропавл балық питомнигі жылына орта есеппен су айдындарына 37 млн данаға жуық ақсаха тұқымдас балық түрлерінің дернәсілін және тұқы балығының шабақтарын жібереді. Елімізде республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына балық жіберу жөніндегі іс-шаралар жалғасуда.