Аймақтар • 08 Мамыр, 2022

Алматы әкімі Асанәлі Әшімовті мерейтойымен құттықтады

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін театр және кино актері әрі режиссері Асанәлі Әшімов 85 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Кеңес және Қазақстан киносының аңызын Ерболат Досаев құттықтады. Қала басшысы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы әкімі Асанәлі Әшімовті мерейтойымен құттықтады

Қала әкімі әртістің театр өнері мен кинематографияның дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, оған ұзақ ғұмыр тіледі.

Сіз отандық кино тарихында ерекше орын аласыз. Бүгінде өнер саласындағы бастамалар мен жобаларды қолдап, насихаттап, жастарға бағыт-бағдар беріп, шетелде еліміздің абыройын асқақтатып жатырсыздар, – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Асанәлі Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келген. Ол 1956 - 1961 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша бітірген.

Асанәлі Әшімов «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Жаушы" және т.б. фильмдерде ең жарқын және есте қаларлық рөлдерді сомдады.

Бүгінде Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімовтің 85 жас мерейтойына арналған «Өнерім – өмірім» атты интерактивті спектаклін ұсынып отыр. Сонымен қатар мерейтой аясында театрдың мұражай қоры ұйымдастырып жатқан «Тағдыры - өнер тарихы» атты Асанәлі Әшімовтің шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмеге театр корифейінің жеке қорынан 200-ге жуық экспонат өткізілген.