Қазақстан • 09 Мамыр, 2022

Тарихи әділеттілік қалпына келтірілді

262 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Көптеген қазақстандықтар соғыс жылдарында көрсеткен ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды, бірақ қандай да бір себептермен басқа марапаттарға ие болды. Мұны бірқатар мұрағат көздері, соның ішінде құпия­сыз­дандырылған құжаттар растайды». Бұл туралы Мемлекеттік хатшы өзінің телеграм арнасында жазды.

Тарихи әділеттілік қалпына келтірілді

Тәуелсіздік жылдарында соғысқа қатысқан тоғыз адамға «Халық қаһарманы» атағы бе­рілді. Соңғы рет бұл жоғары мара­пат 2005 жылы ардагерлер Мәулен Қалмырза мен Александр Капоринге берілді, ал бір жыл бұрын оны біздің атақты ұшқыш Хиуаз Доспанова алды.

Бұқаралық ақпарат құрал­дарында тарихшылар мен қоғам қайраткерлері соғыс батырларына еліміздің ең жоғары наградасын беру қажеттілігі туралы бірнеше рет айтқан, олардың жауынгерлік еңбегі жалпыға бірдей танылды. Олар туралы көптеген мақала мен кітап жазылған, олардың есімдері көшелерге берілді.

«Өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәсе­лені зерделеуді тапсырды. Олар­дың ерліктерін растайтын тиіс­ті зерттеу жұмыстары жүр­гі­зілді.

Бүгін де айтулы мерекелер – Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күні қарсаңында Президенттің Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы майданда ерекше ерлік пен батырлық танытқан үш қазақстандыққа қайтыс болғаннан кейін берілді.

Ол – соғыс жылдары үздік жиырма мерген қатарына енген аты аңызға айналған Төлеуғали Әбдібеков. Фашистер оны «қара өлім» деп атады.

Ол – атқыштар батальонының командирі Александр Несмиянов, оның ерлігі арқасында бірнеше рет жау қорғанысы бұзылған.

Ол – Мәншүк Мәметовамен бірге Невель қаласының маңында шабуылдарды тойтарып, әріп­тестерінің кетуін жауып тастаған тағы бір аты аңызға айналған мерген Ыбырайым Сүлейменов.

Біздің даңқты отандас­тары­мызға «Халық қаһарманы» атағын беру тарихи әділеттілікті қал­пына келтіру және соғыс жыл­дарындағы қазақстандық жауын­герлердің ерліктерін еске алуды қоғамдық санада нығайту мақса­тын көздейді», деп атап өтті Е.Қарин.