Пікір • 09 Мамыр, 2022

Жаңа Қазақстанның жаңа келбеті

5278 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы 5 маусым күні жалпыхалықтық референдум өтетіні туралы Қазақстан халқына үндеу жолдады. Референдум – саяси реформаларды жүзеге асыру бағытындағы басты құжат.

Жаңа Қазақстанның жаңа келбеті

Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

Бұл – Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған қадамның жар­қын көрінісі. Бүгінде елімізде болып жатқан саяси рефор­малардың басты тетігі ретінде конституциялық өзгерістерді Президенттің өзі ұсынған болатын. Бұл жерде Мемлекет бас­шы­сы халық тарапынан туын­дай­­тын барлық мәселені еске­ріп отырғанын айта кеткен ләзім. Дұрысы, Президент елдің пікірін ескергісі келеді. Бүгінгі таңда Президент өзінің саяси реформаларына қатысты жаңа бағдарламасын ұсынды. Оның негізі – қоғам тарапынан туындайтын мәселелерді қал­тарыста қалдырмау. 

Қасым-Жомарт Тоқаев бірін­ші кезе­к­те суперпрезиденттік билік­тен ық­­пал­ды Парламенті бар президенттік би­­лікке өтетін түпкілікті шешімді нақ­­ты­лап алғаны мәлім. Тарихи ұста­ным­ды Бірінші республикадан Екінші рес­­пуб­­ликаға өту кезіндегі құ­қық­тық не­гіз­деме деуге де болады. Ол идея Қа­зақ­стан халқы­ның да көкейіне қонды.

Конституцияға енгізілетін өзгеріс­терге байланысты референдум өткізу туралы Прези­денттің ұсынысы өте дәйекті екені даусыз. Себебі мұның бар­лығы қоғам тарапынан болған сұраныстың нәтижесінде қолға алынып жатқан жұмыстар екені рас. Мемлекет басшысының сая­си реформадағы ең маңыз­ды бағыттар ретінде билік тар­мақ­тары арасындағы теңгерімді өзгерту, Парламенттің өкілеттігін күшейту, жергілікті өзін-өзі бас­қару, әсіресе мәслихаттар­дың рөлін арттыру, сайлау жүйе­сін­­дегі про­порционалды-мажо­ри­тарлық жү­йені енгізу арқылы халық­тың әр са­наттағы, әртүрлі пікір­дегі, әртүр­лі саяси көз­қарастағы өкілдерін мем­лекеттік мәселелерге кеңінен тартуды көз­дегені көңілге қонымды.

Біз бұл мәселеде бір дүниені анық айтуымыз керек. Алдағы уақытта Жаңа Қазақстанның жаңа ережелері бекі­тіледі. Мұ­ның барлығы Ата Заңы­мыздан бас­та­лады. Нәтижесінде, Консти­туцияның 33 бабына өзгеріс енгізу арқылы алдағы уақытта 20-дан астам заң жаңаша редак­цияланатын болады. Сол арқылы еліміздегі саяси жүйе мен саяси  басқарудың қайта құрылуы жүзеге асады. Сон­дық­тан да Президенттің 5 мау­сымға белгілеген референдумы біздің Жаңа Қазақстанның адам құқықтарын қорғайтын, сай­лау құқықтары кеңейтілген алғы­шарттар негізінде іске асады.

 

Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ,

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы, саясаттанушы