Елорда әкімі Алтай Көлгінов Ұлы Отан соғысы ардагерлерін Жеңістің 77 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Жеңіс күні мерекесі құтты болсын!
Бұл мерекенің тарихымыздан алар орны ерекше. Батыр бабаларымыздың жанқиярлығы мен ерлігінің арқасында елімізде бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрды.
Ардагерлерімізді Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесімен құттықтадым. Василий Антонович биыл 96 жасқа келеді. Соғыс уақытында Минск, Варшава, Познань секілді өзге де қалаларды жау қолынан азат етті. Соғыстан кейін теміржол станциясында еңбек етті. Өзінің кәсібилігінің арқасында басшылық қызметтерді де атқарды және теміржол көлігінің дамуына өлшеусіз үлес қосты.
Ырзағұл Байкешев биыл 99 жасқа толады. Ғасыр жасаған қария соғыс заманында Польша, Венгрия, Румыния елдерін басқыншылардан босатты. Соғыстан кейін Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде экспедитор болып қызмет етті.
Михаил Васильевич соғыстан кейін темір жол саласында жұмыс істеді, сол сияқты қаланың маңызды нысандарының құрылысына атсалысты: Целинников сарайы, бірінші стадион, ЖЭО, әуежай және т.б.
Ұлы Отан соғысының әрбір ардагерінің, қатысушысының қайғы мен мұңға да, қуанышқа да толы естеліктері бар. Олардың ауыр, «соқтықпалы, соқпасыз» өмір жолы кейінгі ұрпаққа қашанда үлгі болып қалмақ. Батырларымызға қамқорлық көрсету, ерліктерін, есімдерін ұлықтап, құрмет көрсету – бүгінгі біздің басты парызымыз.
Бүгін елордамызда ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп жатыр. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовпен бірге батырларымызды еске алдық.
Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілеймін! Жеңістің 77 жылдық мерекесі құтты болсын!», деп әкім өзінің Instagram парақшасында жазды.
Аяна Тоғанбек
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Футбол • Кеше
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Қазақстан • Кеше
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Оқиға • Кеше
Еуропада коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Әлем • Кеше
Көкшетауда контрабандалық темекі өнімдері тәркіленді
Оқиға • Кеше
Alibaba желісінде Қазақстанның ұлттық платформасы ашылды
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар