Бұл туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
«Ssang Yong Actyon» маркалы автокөлік жүргізушісі рөлді басқара алмай қалып, қарсы бағытта келе жатқан «Ваз-21014» көлігімен бетпе-бет соқтығысты. Апат салдарынан «Ваз-21014» көлігінің 33 жастағы жүргізушісі мен 5 жолаушы оқиға орнында мерт болды . Ал «Ssang Yong Actyon» көлігіндегі 35 жастағы жүргізуші мен кәмелетке толмаған үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», деді ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметі.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.
Аяна Тоғанбек