Бейнежазбаға ер адамның полиция пунктін таспен ұрып жатқаны түсіп қалған. Сосын оны тағы бір ер адам келіп, алып кеткен.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 9 мамыр күні сағат шамамен 09.30-да, Д.Нұрпейісова көшесінде болды.
Мас күйінде жүрген 44 жастағы А деген ер адам полиция пунктін кірпіш тасқа ұқсас затпен соғып, зақым келтірген. Осылайша, қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағы адамдарды сыйламаушылық танытқан.
«Аталған ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сәйкес хаттама толтырылды», деп хабарлады ведомстводан.
Аяна Тоғанбек