Оқиға • 11 Мамыр, 2022

Павлодарда 84 жастағы қария көпқабатты үйден құлап кетті

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда 84 жастағы қария төртінші қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Павлодарда 84 жастағы қария көпқабатты үйден құлап кетті

«9 мамыр күні сағат 02:50-де Павлодар қаласындағы Павлов көшесіндегі үйдің жанынан 84 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Ол өзінің төртінші қабатта орналасқан үйінің терезесінен құлап кеткен», делінген хабарламада. 

Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Экспертиза тағайындалды.