![ШҚО-да дала оты өршіп тұр](/media/2022/05/11/crop-4_5_328x589_fda5c0e74f7aea699d6e2e9600b23a11_l.jpg)
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар дала өртімен дамылсыз күресуде. 10 мамырда Алтай ауданы Ермаковка ауылында шөп пен бұталар жанған. Отты ауыздықтауға жеке құрамнан 54 адам, 8 техника, жергілікті атқарушы органнан 8 қызметкер, 2 техника, орманшылардан 20 адам мен 4 техника жұмылдырылды.
Бұдан бөлек, «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы тартылып, әуеден 33 тонна су төгілді. 70 гектар аумаққа жайылған өрт сағат 20.50-де оқшауланды.
Алдын ала мәлімет бойынша жалынның шығуына отты пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтамау себеп болған.
Көп жағдайда өрт ашық аумақта, саяжайларда және тұрғын үй секторында тіркеледі.
Аяна Тоғанбек