Ауа райы • 12 Мамыр, 2022

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 12 мамырға арналған ауа райы болжамын жасап, Қазақстан аумағында болатын метеорологиялық құбылыстар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, республиканың батысы мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен найзағай болады. Тек Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, дауыл соғып, бұршақ жауады», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, түнде және таңертең таулы және тау бөктеріндегі аудандарда бұршақ жауып, дауыл болуы ықтимал, найзағай кезінде 15-20 м/с жел күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, күндіз солтүстік жартысында, орталық бөлігінде бұршақ жаууы ықтимал, дауыл соғып, күндіз  жел 15-20, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 23 м/с жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз оңтүстік-батыста, оңтүстікте желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында дауыл, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы мүмкін, күндіз солтүстікте, оңтүстік-батыста желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында 15-20 м/с жел тұрады.