Қаржы • 12 Мамыр, 2022

Референдум өткізуге 16 млрд теңге бөлінді

1684 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев конституциялық реформаға қатысты өтетін республикалық референдум өткізуге қанша қаражат бөлінгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдум өткізуге 16 млрд теңге бөлінді

«Конституциялық референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 млрд 400 млн теңге бөлінеді. Орталық сайлау комиссиясы тиісті есеп-қисапты ұсынды. Бүгін Үкімет осыған байланысты Қаулы қабылдады. Қаржы республикалық бюджеттен, Үкімет резервінен бөлінеді», деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында.

Айта кетейік, өткен аптада Орталық референдум комиссиясы белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан азаматтарына үндеу жасады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Аяна Тоғанбек