Үкімет • 12 Мамыр, 2022

Бюджет қаражатының игерілмеу себептері айтылды

1675 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы 4 айда республикалық бюджеттен 5,6 трлн теңге жұмсалды және 8 млрд теңге үнемделді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Бюджет қаражатының игерілмеу себептері айтылды

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,8%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,4%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,5%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 5,6 трлн теңге жұмсалды», деді Қаржы министрі.

Сонымен бірге, атқарылмай қалған 31 млрд теңгенің 8 млрд теңгесі үнемделген, ал 23 млрд теңгесі игерілмей қалған.

«Әсіресе Қаржы, Мәдениет және спорт, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінде игерілмеу көп байқалады. Оның негізгі себептері: шарт жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу, төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауы немесе ұсынылмауы, қазынашылық органдарына төлеуге берілетін шоттарды кеш ұсыну, орындалған жұмыстардың актілері мен шот – фактуралардың уақтылы ұсынылмауы, мемлекеттік сатып алу конкурстарының өткізілмеуі», деп түсіндірді министр.

Жергілікті бюджет шығыстары 2,7 трлн теңгені құраған және 42 млрд теңге игерілмей қалған.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша қала бар?

Қазақстан • Бүгін, 17:02