Аймақтар • 13 Мамыр, 2022

Түркістан облысында дәрілік шөпті заңсыз қазған шетелдіктер ұсталды

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында емдік қасиеті өте жоғары дәрілік «Кеурек» шөбін заңсыз қазған 130-дан астам шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында дәрілік шөпті заңсыз қазған шетелдіктер ұсталды

Түркістан облысының полицейлері жүргізген рейд барысында Отырар ауданында 33 Тәжікстан азаматы, Арыс ауданында 101 Өзбекстан азаматы заңсыз жұмыс істеп жүргендігі анықталған. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша жауапқа тартылды.

Сонымен қатар «Кеурек» шөбін қазуға заңсыз шетелдік жұмыс күшін тартқан Қазақстан Республикасының 2 азаматы анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабымен «Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту» бойынша хаттама толтырылды.

Аяна Тоғанбек