ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында бірқатар маңызды инфрақұрылымдық және өндірістік нысандарды аралады, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен және экобелсенділермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенбі күні, 14 мамырда Үкімет басшысы «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы» автожолының учаскесін реконструкциялау барысымен танысты. Учаскенің ұзындығы – 96 шақырым, оның 77 шақырымы 1-техникалық санатқа сәйкестендіріледі. Жоба бойынша жұмыстар 2023 жылы толығымен аяқталуы тиіс. Бұл ретте осы жылдың соңына дейін мердігерлер екі жолақты асфальттау жұмыстарын аяқтап, Қандыағаш қаласына дейін көлік қатынасын ашуды жоспарлап отыр.
Премьер-Министр қазіргі уақытта халықаралық транзиттік дәліздермен қоса, Қазақстандағы жолдардың желісі белсенді түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Ақтөбе облысының автомобиль жолдарын салуға және реконструкциялауға биыл 50,3 млрд теңге бағытталды. Жыл қорытындысы бойынша нормативтік талаптарға сәйкес республикалық жолдардың үлесі 87%-ға, ал жергілікті жолдар 72%-ға дейін жеткізілуі тиіс.
«Әкімдік жұмыстарды жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыруды уақытылы қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар салалық ведомство “Ақтөбе – Ұлғайсын” автожолының құрылысын қаржыландыру тетіктерін анықтап, жұмысқа кірісуі қажет», деді Әлихан Смайылов.
Хромтау ауданында Премьер-Министр «АКМЭЗ» ЖШС май экстракциялық зауытында болды. Кәсіпорынның жобалық қуаты – жылына 21 мың тонна шикі өсімдік майы және 26 мың тонна күнжара. Зауыт өнімі ішкі нарықта сұранысқа ие, сондай-ақ Қытайға, Ресейге, Өзбекстанға және Тәжікстанға жеткізіледі.
Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығында инвестициялық жобаларды іске қосу еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы басты міндет екенін атап өтті. Бүгінгі таңда Үкімет шаруаларды кешенді түрде қолдау шараларын іске асыруда, атап айтқанда, инвестициялық шығындарды субсидиялау, сондай-ақ айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер және қайта өңдеуге арналған жабдықтар лизингі қарастырылған.
«Осындай қолдаудың және климат ерекшеліктерінің арқасында Ақтөбе облысында мал шаруашылығы, оның ішінде сүт өнімдері өндірісі қарқынды дамып келеді. Облыс тұрғындарын жергілікті өніммен қамтамасыз ету және оны басқа өңірлерге жеткізуді ұйымдастыру мақсатында аталған жұмысты жалғастырған жөн. Бұл импортқа тәуелділікті азайтуға және ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыруға жол ашады», деп атап өтті Үкімет басшысы.
Кәсіпорында Премьер-Министр бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесіп, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың проблемалық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, шаруаларды фермерлерді мемлекеттік қолдау, субсидиялау, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бөлу, мал шаруашылығын дамыту мәселелері қызықтырды.
«Осы жылдың соңына дейін біз шаруалармен бірқатар кездесу өткізіп, субсидиялау жүйесін реформалау мәселелерін талқылаймыз. Тиісті құжат бес жыл мерзімге қабылданады. Жалпы, Үкімет ауыл шаруашылығы саласын қолдау шараларын кеңейтіп жатыр. Биыл біз бюджетті екі есе арттыру мүмкіндігін қарастырдық. Бұл – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі өндірісті қолдау және инфляцияны тежеу мәселелеріне байланысты», деп атап өтті Әлихан Смайылов.
Одан кейін Премьер-Министр «Зерде Керамика Ақтөбе» ЖШС-нің керамогранит және қыш тақташа өндіретін жаңа зауытының қызметімен танысты.
«Ақтөбе» индустриялық аймағы мен Өнеркәсіпті дамыту қоры желісі бойынша мемлекеттік қолдау алған кәсіпорын өз өнімін ішкі нарыққа да, экспортқа да жеткізеді. Сондай-ақ мұнда қуаты жылына 650 мың тонна жоғары қоспаланған болатты құрайтын болат балқыту зауыты құрылысының жобасы таныстырылды. Жобаны іске асыру бүгінде шамамен $1 млрд сомасына импортталатын құрылыс арматурасын отандық өніммен алмастыруға мүмкіндік береді.
Премьер-Министр елімізде құрылыс материалдарына деген сұраныстың жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. Осыған байланысты Үкімет 2025 жылға дейін құрылыс саласына шамамен 1 трлн теңге инвестиция салуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, 160-қа жуық жаңа жобаны іске асыру және 15 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарда бар.
Жұмыс сапарының келесі пункті «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қызметімен танысу болды. Қазіргі таңда тау-кен металлургия кешені ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Сала жыл сайын 6% деңгейінде тұрақты өсімді көрсетіп отыр, ал инвестициялар өсімі өткен жылы 20%-ға артқан.
Сондай-ақ Әлихан Смайылов экология саласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесті. Тұрғындар атынан өңірдің ең өткір экологиялық проблемалары туралы «Ақтөбе, тыныс ал!» волонтерлер қозғалысының жетекшісі Евгений Лазарчук айтып берді. Ол ферроқорытпа зауытына жақын маңда орналасқан аудандардың тұрғындарын көшіру, Ақтөбе қаласының кәріз-тазарту құрылыстары жүйесін жаңғырту және жердің шөлейттену проблемаларын көтерді.
Әлихан Смайылов әрбір айтылған мәселенің мән-жайын түсіндіре келе, облыс әкімдігіне мүдделі салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, оларды жедел шешу мәселелерін пысықтауды тапсырды.
Жұмыс сапарының соңында Үкімет басшысы Ақтөбе қаласының «Батыс-2» шағын ауданына барып, облыс орталығының инфрақұрылымдық дамуымен танысты.
Президент отандық бизнес өкілдерімен кездеседі
Президент • Бүгін, 17:20
Алматыда пәтер ұрылары қолға түсті
Оқиға • Бүгін, 17:16
Қаржы • Бүгін, 17:01
Мәскеу мұрағатынан қазақ хандары жазған хаттар табылды
Тарих • Бүгін, 16:50
Түрмеге ұялы телефон алып өтпек болған жүргізуші ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:43
Талдықорғанда ұрланған көлікпен қашқан оқушы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 16:35
Алматының таулы аудандарында құрылысқа тыйым салынуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 16:22
Атырау облысында аурухана директорына әкімшілік айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 16:17
Елордада екі көше уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 16:06
Еуроодақ еліміздің ұшу қауіпсіздігін арттыру деңгейін бағалады
Қазақстан • Бүгін, 15:52
Елімізге контрабанда арқылы зиянды ойыншықтар жеткізілуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 15:43
АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны миллионнан асты
Әлем • Бүгін, 15:33
Ерлан Қарин Ұлттық құраманы Сурдлимпиададағы жеңісімен құттықтады
Қазақстан • Бүгін, 15:26
Балқаш көлінен жүзден аса браконьерлік ау табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:15
Кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған ер адам ұсталды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Президент Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 14:55
Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:52
Алматы облысында қоқыс арасынан 5 жасар қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 14:40
Оралда түрмедегі төбелеске байланысты 12 қызметкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 14:33
Sarap: Конституциялық референдум – жалпыхалықтық дауыс
Қазақстан • Бүгін, 14:25
Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына жолдама алды
Бокс • Бүгін, 14:18
Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 14:08
Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәселені көтерді
Қазақстан • Бүгін, 13:57
Сенатор Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысын сынға алды
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қызылордада 134 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Аймақтар • Бүгін, 13:29
Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:21
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Бірнеше өңірден жаңа кен орындарын іздеу басталды
Экология • Бүгін, 12:00
Мұнай мен газ қорының 75 пайызы Атырау облысында шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қазақстан Жазушылар одағында әдеби жыл қорытындысы өтті
Әдебиет • Бүгін, 11:45
Каспий жағалауында итбалықтар әлі де қырылып жатыр
Экология • Бүгін, 11:38
Қазақстанда 16 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 11:32
Ұқсас жаңалықтар