Синоптиктер 16 мамырға арналған ауа райы болжамын жасап, Қазақстан аумағында болатын метеорологиялық құбылыстар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағаймен жаңбыр, солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Тек елдің оңтүстігі мен орталығында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста дауыл, бұршақ, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауылдар, солтүстік-батыста, шығыста тұман сақталады», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Атап айтқанда, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, жел күші 15-20, Жалаңашкөл ауданында екпіні 24-29 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, облыстың шығысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, дауыл соғады, жел облыстың оңтүстік-шығысында түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында найзағай ойнап, облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қарағанды облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Вакцина салдырған қазақстандықтардың саны нақтыланды
Коронавирус • Бүгін, 13:22
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Аймақтар • Бүгін, 12:57
Коронавирус жұқтырудың 188 жағдайы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:20
Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған блогер қамауға алынды
ANTIKOR • Бүгін, 11:10
Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 09:37
Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:09
Қазақстан • Бүгін, 08:50
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Қарағандыда ғарыш мониторингі базада тіркелмеген 11 мың жер учаскесін тапты
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар