Елорда • 16 Мамыр, 2022

Елорда маңайындағы жасыл белдеуге 450 мыңнан астам көшет отырғызылады

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл қаланың жасыл белдеуі тағы 451 518 көшетпен көгалдандырылады. Олардың арасында қайың, қарағай, үйеңкі, қарақат және алма ағаштары бар, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда маңайындағы жасыл белдеуге 450 мыңнан астам көшет отырғызылады

Отырғызу жұмыстары ауа райының жылынуымен мамыр айының басында басталды. Қазір «Астана Орманы» бригадасы күніне 25 мыңнан астам көшет егіп жатыр.

«Егер еліміздің басқа бөліктерінде ормандарды суару қолданылмаса, климатымыздың ерекшеліктеріне байланысты жасыл белдеу көшеттері суаруды қажет етеді. Көктемде отырғызылған көшеттер биыл 12 рет, содан кейін әр маусымда 6 рет суарылады. Климаттың ерекшелігі материалды таңдауда да білінеді. Мысалы барлық отырғызу материалдары бізде аудандастырылған. Бұл дегеніміз отырғызу кезінде Ақмола облысының материалдарын пайдаланамыз деген сөз. Өйткені оңтүстіктің ағаштары бізде тамыр алмайды», дейді «Астана Орманы» ЖШС бас агрономы Ардақ Хасенов.

Айта кетейік, бүгінгі таңда елорданың жасыл белдеуі 14 827 гектар жерді құрайды. Бұл аймақта 9,6 миллионнан астам ағаштар мен 1,8 миллионға жуық бұталар өседі.