Бүгінде еліміздің энергетика саласы күрделі қиындықтарды бастан өткеріп жатқаны белгілі. Бұл саланың пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) төмен қалпында жұмыс істейді. Сондықтан жылу энергиясы желілерде берілетін энергияның үштен бірін жоғалтады. Бұл проблемалар Қазақстанның барлық стансасына тән. Елдегі өндіруші қуаттың тозу деңгейі 75 пайызға жетсе, электр беру желілері 80 пайызға дейін ескірген. Ал жылумен жабдықтау секторы тіпті тиімсіз. Бұл сектордың дамуы қалдық қағидаты бойынша жүреді.

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «EQ»
Қазақстанда бүгінде 37 жылу электр орталығы (ЖЭО) жұмыс істейді. Оның 22-сі – жекеменшікте (59 пайыз), 15-і – мемлекеттік меншікте (41 пайыз). 28 ЖЭО елу жылдан астам (76 пайыз) уақыт пайдаланылып келеді, қалған 9 ЖЭО-ның қызмет ету мерзімі 30 жылдан асады (24 пайыз). Қазір орташа есеппен алғанда ЖЭО негізгі жабдықтарының 60 пайызы тозған. Бұл ретте Орал, Тараз, Кентау, Қызылорда және Степногорск қалаларының ЖЭО энергия жабдықтарының тозуы 80 пайыздан асып отыр.
Осы және өзге де проблемаларды отандық энергетиктер бірнеше рет көтерді. Қозғалып отырған мәселе Қазақстанның барлық стансасына тән. Соңғы уақытта блогерлер мен «сарапшылар» саланың қазіргі жағдайының басты себебі жекеменшікке өту салдарынан деп көрсетуде. Бұл шынымен солай ма?
Қазақстанда шекті тарифтер бағдарламасының қолданылу кезеңі ішінде – 2009 жылдан бастап 2016 жылға дейін инвестиция көлемі 5 есе артып, шамамен 700 млрд теңгені құрады. Аталған қаражат есебінен еліміздің энергетиктері қолданыстағы 5 мың МВт-ты жаңғыртып, 1 700 МВт-ты қосымша электр қуаттарын іске қосты. «Шекті тарифтер» бағдарламасы аяқталғаннан кейін энергетиктердің тарифтері 2021 жылға дейін тоқтатылып, 12 пайыз рентабельділік алынып тасталды. Көрсетілген шаралар 2016 жылдан бастап осы күнге дейін энергетиктердің инвестициялық бағдарламасы көбінесе қуатты жаңартуға қарағанда қызметті қолдауға бағытталған болатын.
Энергетика объектілерінің әдетте, табиғи монополия субъектілері екені мәлім және оның кірісі монополияға қарсы ведомство бекітетін тарифтік смета бойынша қатаң айқындалады. Жасыратыны жоқ, бұл сметалардың көпшілігі тиімсіз. Сондықтан күрделі модернизация, әсіресе жаңа нысандар салу туралы сөз жоқ. Кейбір жағдайда жауапты бөлім жаңғырту, қайта құру және кеңейту үшін қаражат көзі болып саналатын пайданы жасанды түрде қалпына келтіреді. Жаңа тетік – қуат нарығы көтерме сауда нарығының барлық қатысушысына, оның ішінде тұтынушыларға құрылысқа немесе жұмыс істеп тұрған объектілерді ұстап тұруға арналған шығындардың бір бөліГін жұмсай отырып, стансалардың меншік иелеріне жүктемені азайтуға тиіс болды.
Не ұсынылады? Бүгінгі таңда саланың аяққа тұруына мүмкіндік беретін басты құрал – тарифтік саясатты жақсарту. Өкінішке қарай, бүгінде тарифтерді ұстап тұру саясаты электр желісінде де, жылу-механикалық жабдықта да тозудың пайда болуына әкелді. Бұл көрсеткіш кейбір нысанда 100 пайызға дейін жетеді. Оның жарқын мысалы – коммуналдық меншіктегі Кентау ЖЭО-5. Жақында оған Энергетика министрлігінің қызметкерлері келіп, «Жылу энергиясын өндіру мен беру шығыстарын өтемейтін шығынды тарифтің салдарынан жергілікті атқарушы орган жыл сайын бюджеттен жылыту маусымына дайындық үшін қаржы бөледі» деген қорытынды жасады. Бұл Қазақстанның электр энергетикасында экономикалық негізсіз төмен тарифтердің бар екенін тағы да растайды. Олар сектордың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етпейді, субъектілердің шығындарын өтемейді және қажетті көлемде жөндеу бағдарламаларын жүргізу мүмкіндігін шектейді. Коммуналдық ЖЭО-ны жасанды қолдау тарифтің жеткіліксіздігін растайды.
ЖЭО-ны қайта құру мен жаңғыртуға арналған тариф қаражатының жетіспеуінің айқын мысалы ретінде Орал ЖЭО-сын айтар едік. Оны енді республикалық бюджет қана «құтқаратын» болады. Тағы бір мысал, Ақтау қаласының жылу желілерін ауыстыруға республикалық бюджеттен 194 млрд теңге бөлінді. Өйткені өндірістің тозуы бүгінде 82 пайызды құрап отыр.
Жөндеу бағдарламаларын іске асыруға арналған тариф қаражатының жетіспеуі ЖЭО-ның жекеменшік иелерінің де проблемасы екенін атап өткен жөн. Наурыз айында Петропавл ЖЭО-2-де не болғаны есімізде, онда да тарифтік смета қаражатының жетіспеуінен энергетиктер сапалы жаңғырту жүргізе алмады. Осылайша, «Самұрық-Энерго» АҚ периметрінде стратегиялық энергетиканы біріктіру қажет болуы мүмкін. Біздің ойымызша, ол өзінің бас компаниясымен бірге жаңғырту және жаңарту үшін жеткілікті қаражатқа ие. Мәселен, «Самұрық Энерго» АҚ Алматыдағы ЖЭО-2 жаңғыртуды қаржыландыруға шамамен 300 млрд теңге жұмсау мүмкіндігіне ие.
Жылдан-жылға ақшаның ұзақ мерзімде жетіспеуі, кез келген қазақстандық ЖЭО өңірдің жылумен жабдықтау өзегі екеніне қарамастан, жылу өндіретін жабдықтың елеулі техникалық тозуына алып келеді. Сала үшін тағы бір күрделі мәселе – парктік ресурстың таусылуы салдарынан жылу қуаттарының істен шығуы болып отыр. Осының салдарынан энергетика қалалар құрылысының қарқынына ілесе алмайды. Жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындарды іске қосу үшін энергия жетіспейді. Сонымен қатар мұнда энергетиктердің төмен жалақысынан және білікті кадрлардың басқа елдерге, соның ішінде оларға жақсы жағдай ұсынылатын Ресей Федерациясына кетуінен көрінетін әлеуметтік аспектіні де ескеру қажет.
Қазақстанның жұмыс істеп тұрған ЖЭО-лары Кеңес Одағы кезінде бой көтерген. Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде бірде-бір жаңа ЖЭО салынбады. Жаңа жылу қуаттарын салу кем дегенде 5 жылға созылады десек, бүгінгі таңдағы өңірлердегі жылудың өткір тапшылығын қайтпекпіз?
Энергетика министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Қазақстан электр энергиясын Ресей Федерациясынан кВт/сағ үшін 25 теңгеден жоғары бағамен импорттайды. Бұл оның электр желілері арқылы берілуін ескере отырып, кВт/сағ үшін 30 теңгеге жақындайды. Алайда жылу энергиясы бойынша ұқсас сценарий технологиялық тұрғыдан мүмкін емес. Біздің елде жылуды импорттауға мүмкіндік жоқ, жылу энергиясының жаңа көздерін дамыту және салу қажет.
Алайда электр энергетикасын жаңғырту үшін одан әрі кең ауқымды инвестицияларға қажеттілік жоғары. Мамандардың бағалауы бойынша, генерация секторын жаңартуға шамамен 30 млрд доллар қажет. Осы сандарға қосымша энергия тиімділігін арттыру жөніндегі бағдарламаны іске асыру үшін 4 млрд долларды қосыңыз. Сондай-ақ жыл сайын бюджеттен тарифті тоғыспалы субсидиялауға аса зор қаражат бөлінетінін атап өту керек. Бұл халықтың әлеуметтік осал топтарына залал келтіреді. Өйткені осы қаражатты мектеп, аурухана салуға немесе әлеуметтік көмекті пайдалануға жұмсауға болар еді.
Республикалық бюджет жете қаржыландырудан зардап шегіп отыр, ал Ұлттық қорымыз созылмалы резеңке емес. Нақты осы жағдайда көрші энергия жүйелеріндегідей нарықтық тетіктерге сүйену қажет. Сонда ғана электр энергиясына тарифтер мен қуат үшін жасалған төлем сапалы жөндеу бағдарламаларын жүргізуге мүмкіндік берер еді.
Жақып ХАЙРУШЕВ,
Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының еңбек сіңірген энергетигі
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:52
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 11:46
Ерболат Досаев алматылықтарға үндеу жасады
Аймақтар • Бүгін, 11:30
Суға шомылу ережесін бұзғандар жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 11:25
Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
Қазақстан • Бүгін, 11:18
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 9,5 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Соғыста қаза тапқан үш қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 10:29
Елге 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды
Әлем • Бүгін, 10:23
Елордадағы Президентік клиникада түркиялық дәрігер шеберлік сағатын өткізеді
Медицина • Бүгін, 10:15
Каспий теңізінде үш адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:08
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:58
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
Президент • Бүгін, 09:50
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады
Әлем • Бүгін, 09:45
ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:22
Елордада «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Күрес • Бүгін, 09:17
Атырау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:04
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Спорт • Бүгін, 08:33
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді
Білім • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:26
Құқықтық қатынасты нығайтудың тетіктері
Қазақстан • Бүгін, 08:24
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 08:22
Керамикалық кірпіштің келешегі бар ма?
Экономика • Бүгін, 08:20
Әлем • Бүгін, 08:17
БАҚ жөніндегі заң жобасы талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Демографиялық және гендерлік саясат: Жаңа мүмкіндіктер жасалады
Қазақстан • Бүгін, 08:10
«Қауіпсіз ел» – қуатты армия кепілі
Қазақстан • Бүгін, 08:07
Заңсыз миграция екі елдің проблемасына айналды
Әлем • Кеше
Еуропалық одақтың құрылымы өзгеруі мүмкін
Әлем • Кеше
Импортты алмастыру қалдықты өңдеуден басталады
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Еңбек биржасындағы түйіндемелердің саны азайды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар