Павлодар педагогикалық университетінде «Академик Әлкей Марғұлан еңбектеріндегі қазақ халқының мәдени-тарихи мұрасын зерттеудің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шара барысында «Әлкей Марғұлан және мәдени мұра» деген атаумен жарық көрген жаңа кітап таныстырылды.
Конференция шымылдығын ППУ ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Бауыржан Есенгелдин ашты. «Академик Әлкей Марғұлан – қазақ халқының тарихын материалдық және рухани тұрғыда өте терең әрі ауқымды зерттеген ғалым. Ол Қазақстан ғылымының көптеген саласын, атап айтқанда қола дәуірінің ортағасырлық археологиясын, қазақ халқының мәдениеті мен өнер тарихын зерттеп, этнографиясының негізін салушы ретінде тарихта қалды. Оның асыл мұралары жас ғалымдар мен зерттеушілер үшін баға жетпес дереккөзі болса, музей мамандары үшін құнды жәдігерлер қатарында», деді ол.
Шарада Әлкей Марғұлан туралы деректі фильм көрсетілді. Халықаралық конференцияға Қазақстанның және бірнеше шетелдік жоғары оқу орнының ғалымдары қатысып, баяндама жасады.
«Әлкей Марғұлан және мәдени мұра» деп аталатын туындының авторы – тарих ғылымдарының кандидаты Марван Хамитова. Жергілікті тарихшылар мен өлкетанушылар академик Әлкей Хақанұлы туралы жарық көрген жаңа кітаптың мазмұны мен тарихи құндылығына жоғары баға берді.
– Марван Арынқызын марғұлантану ғылымының басында тұрған ғалымдардың бірі деуге болады. Бүгін қолымызға алып отырған жаңа кітап – автордың отыз жылдан астам ізденісінің нәтижесі. Бұл – Әлкей Марғұланға арналған ең көлемді монографиялық әрі энциклопедиялық еңбектердің бірі. Мұнда академик ғалым туралы жан-жақты зерттеулер берілген. Сонымен қатар бұрын-соңды жарияланбаған материалдар мен фотосуреттер басылған. Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Әлімхан Ермеков сынды Алаш қайраткерлерімен бірге түскен суреттерді бірінші рет осы кітаптан көрдім, – дейді Торайғыров университетінің қауымдастырылған профессоры, тарихшы Ернұр Рахымов.
Кітаптың алғысөзін белгілі жазушы, алаштанушы Тұрсын Жұртбай мен тарихшы, ғалым Хангелді Әбжан жазған. Кітап алты бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде ғалымның өмір жолы, отбасы және шыққан тегі туралы жазылған. Екінші бөлімінде қазақ халқының материалдық мәдениетін зерттеуге қосқан үлесі, үшінші бөлімінде түркі халықтарының рухани мәдениетін зерттеуге қосқан үлесі туралы баяндалған. Ал төртінші, бесінші және алтыншы тарауларға Шоқан мұрасын зерттеуіндегі еңбегі мен аудармалары және шәкірттері туралы тың деректер топтастырылған.
– Кішкентай кезімізде ата-анамыз газет-журнал оқытатын. Әлкей Марғұлан есімімен сол кезде таныс болдым. «Мәдениет және тұрмыс», «Білім және еңбек» журналдарында Әлкей Хақанұлының мақалалары көп басылатын. Кейін мұғалім болғаннан кейін үйде сақталған сол журналдардан материалдар жинақтап, мектеп оқушыларына баяндама жасап жүрдім. Тіпті ауыл халқын мәдениет үйіне жинап, баяндама жасаған кездер болды. Міне, осылай іздене жүріп, Қазақстан Ғылым Академиясына және академиктің ұрпағы Данель Әлкейқызына хат жазып көмек сұрадық. Ол кісі де қуана қабылдап, қолдау көрсетті. Соның нәтижесінде ауыл мектебінде ғалымға арналған музей ашылды. Содан бері осы тақырыпты үзбей зерттеп келемін, – дейді тарихшы Марван Хамитова.
Конференция барысында алдағы уақытта Әлкей Марғұланның еңбектерін дипломдық зерттеулер арқылы жаңа қырларын ашып көрсету мәселелері көтерілді. Сонымен қатар Павлодар қаласында мемориалды мұражай ашу мәселесі ұсынылды.
Павлодар облысы
Вакцина салдырған қазақстандықтардың саны нақтыланды
Коронавирус • Бүгін, 13:22
Алматы маңында жер сілкінісі болды
Аймақтар • Бүгін, 12:57
Коронавирус жұқтырудың 188 жағдайы анықталды
Коронавирус • Бүгін, 12:20
Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған блогер қамауға алынды
ANTIKOR • Бүгін, 11:10
Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 09:37
Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:09
Қазақстан • Бүгін, 08:50
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Қарағандыда ғарыш мониторингі базада тіркелмеген 11 мың жер учаскесін тапты
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар