Егемен Қазақстан • 18 Мамыр, 2022

Журналистика мэтрін еске алды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада журналистика мэтрі Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған бильярдтан турнир өтті. «Мәскеу» пирамидасы бойынша өткен тілшілер додасын белгілі журналист Нұрділда Ораз ұйымдастырды.

Журналистика мэтрін еске алды

Жарысқа қатысқан журналистер қа­уымы екі санат бойынша топқа түсті. Жастар арасындағы додада алпыс жас­­қа дейінгі тілшілер бақ сынаса, алпыс жас­тан асқандар ардагерлер ала­маны­на қатысты. Екі санат бойынша да жиырма төрттен жалпы саны 48 әріп­тесіміз жүлделі орындарды сарапқа салды. Алдымен олар төрт-төрттен топқа бө­лін­ді. Әр топтан үздік шыққан екі журналист үздік он екінің қатарына енді. Олардың енді ереже бойынша жеңілуге құқы жоқ.

Жастар арасындағы доданың фи­налында «Egemen Qazaqstan» басы­лымының тілшісі Табиғат Мұсылманқұл мен Нұрділда Ораз кездесті. Үш кезеңге созылған кездесу қорытындысы бойынша Нұрділда Ораз турнир жеңімпазы атанса, Табиғат екінші орын иеленді. Үздік үштікті белгілі ақын Дәулеткерей Кәпұлы қорытындылады.

Ардагерлер арасындағы аламан­да «Казахстанская правда» газе­тінің ар­дагері Мақсұт Иржанов қарсы­лас­тары­нан қара үзіп, жеңістің ең биік тұ­ғы­­рынан көрінсе, Кенже Жұма­ғұлов екінші, Расул Сіргебаев үшінші орын иеленді. Жүлдегерлерді доданың бас демеушісі Дулат Тастекеев пен Нұртілеу Иманғалиұлының отбасынан кел­ген азаматтар марапаттады. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған турнир қоры­тындысында үздік ойын көрсеткен бірнеше әріптесіміз арнайы аталымдар бойынша қаржылай сыйлық алды.

Соңғы жаңалықтар